ВОЛЕЙБОЛДАН ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

303

Түркістан қаласында волейболдан V-ші Республикалық ересектер арасындағы ашық біріншілік өтті.

Жарыс облыс орталығының дамуына елеулі үлесін қосқан мемлекеттік қызметкер, әрі спортшы Исабеков Нарбек Ануарбекұлын еске алуға арналды.

Бәйгеде еліміздің түкпір-түкпірінен келген 12 команда бақ сынасты.

Атап айтқанда : Шымкент, Арыс, Тараз қалалары мен Жетісай, Түлкібас, Ордабасы аудандары және Түркістан қаласынан бірнеше команда қатысты.

Шараның ашылуында сөз сөйлеген, қалалық «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің» сектор меңгерушісі Марат Абзалұлы: Нарбек Ануарбекұлының мемлекеттік қызметте талай игі істерде бастамашы болып, жүйелі жұмыстар атқарғанын айтып, спортшының естеліктерімен бөлісті.

Сонымен бірге, сөз кезегін алған Исабеков Нарбектің әкесі, зейнеткер Исабеков Ануарбек жарысты ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Одан бөлек, Халықаралық дәрежедегі төреші Қуатбек Исламбекұлы да сөз сөйлеп, жылы лебізін жеткізді.

Жарыстың нәтижесі бойынша:

1 орын — Ордабасы ауданы (Төрткөл командасы);

2 орын – Шымкент қаласы (Шығыс командасы);

3 орын – Жамбыл облысы (Байзақ ауданы командасы)