ТҮРКІСТАН: ТҮНДЕ БАЛАҢЫЗ ҮЙДЕ МЕ?
Облыс орталығында “ЖАСӨСПІРІМ” рейдтік іс-шарасы жалғасын табуда.
Балалар мен жасөспірімдердің беймезгіл уақытта үй-жайдан тыс жүруі және жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында
Түркістан қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция тобы мен Түркістан қаласы әкімдігінің өкілдері, “Адами әлеуетті дамыту” бөлімі және қалалық прокуратурамен бірлескен рейд жұмыстары жүргізілді.
Бақылау нәтижесінде ішкі істер органына 25 жасөспірім жеткізілді.
Олардың ата-аналарына- ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы), кәмелетке толмағандардың түңгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол берген ойынхана иелеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 132-бабы бойынша хаттамалар толтырылып, айыппұл салынды.
Айта кетейік, Түркістандық полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарына кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты түрде айналысуды ескертеді.