ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНДАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДА

586

Шымкент  қалалық онкологиялық орталығының дәрігерлері  осы күндері Астана қаласында өтіп жатқан «Онкологияға инновациялық технологияларды енгізудің тәжірибесі мен болашағы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми практикалық конференцияға белсенді қатысуда. Мамандар түрлі тақырыпта баяндама жасап, өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісуде.  Мұндай іс шаралардың дәрігерлер біліктігін арттыруда, сондай-ақ қатерлі ісікпен күресті нығайтуда маңызы орасан. Дүние жүзі елдерін алаңдатып отырған онкологиялық аурулармен тиімді күресу мақсатында ұйыстырылған іс шараға отандық дәрігерлермен қоса

Ресей, Ундістан,Грузия  ТМД елдерінің жетекші онколог мамандары қатысуда. Жергілікті дәрігерлер халықаралық конференцияда онкологиялық ауруларды емдеуде тың әдістермен танысып, медицинасы озық дамыған мемлекеттердің қолданысындағы   заманауи тәжірибелерді меңгеруге мүмкіндік алып отыр.

Айта кетейік, Шымкент қалалық онкологиялық орталығының мамандары біліктіліктерін арттыруда шетелдік әріптестерімен тығыз байланыста жұмыс атқарады. Мұндай тәжірибе алмасу шаралары қалада қатерлі ісік ауруларын алдын алуда, емдеуде оң нәтижелерін беруде.