ҚР ПРЕЗИДЕНТІНЕ КАНДИДАТ МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТӘЖІРИБЕЛІК СТАНЦИЯСЫНА БАРДЫ

352

ҚР Президентіне кандидат Мейрам Қажыкен Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Заречное» ауыл шаруашылығы тәжірибелік станциясында болды.

Онда станция қызметкерлерімен кездесуде ауыл шаруашылығы саласындағы және ғылымдағы проблемалар сөз болды. Тараптар ауыл шаруашылығында жобаларды қаржыландырудың жеткіліксіздігі және зерттеу мен өндіріс әдістерін жетілдіру бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ, кандидат Мейрам Қажыкен станция қызметкерлеріне өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Айта кетерлігі, станция ауыл шаруашылығы дақылдарының бірегей және репродуктивті тұқымдарын өндіреді, сондай-ақ асыл тұқымды мал өсірумен айналысады.