“ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВҚА НЕ ҮШІН ДАУЫС БЕРЕМІЗ?..”
Қасым — Жомарт Тоқаевқа не үшін дауыс береміз?.. Президент Қасым — Жомарт Тоқаев еліміздегі зияткерлік ойынға қамқорлық танытқанының арқасында «Интеллектуалды ұлт » жобасын осылай насихаттап келдік.
Енді сайлауалды бағдарламасында Президент бұл жобаға тың серпін, жаңа бағыт — бағдар берді десек болады.
Биылғы Жаңа жылдан бастап, Президент Қасым — Жомарт Тоқаевтың бастамасымен шахмат өнері балалар мен жастар өмірінен берік орын алады.
ПРЕЗИДЕНТ :
- Қазақстанда шахмат кеңінен танымал, әсіресе, балалар мен жастар арасында. Бізде
7 мыңнан астам секция жұмыс істейді, дегенмен бұл көрсеткішті екі есе арттыруға тиіспіз.
Қазір шахматпен 200 мыңнан астам адам айналысады.
Қазақстандық шахматшылар халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетіп жүр.
Біз бұл спортты ( өнер мен ғылым) қолдауға баса мән береміз. Шахматты дамытудың «ЖОЛ КАРТАСЫ» әзірленді. » МЕКТЕПТЕГІ ШАХМАТ » ауқымды жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр, -деді Мемлекет басшысы Қасым- Жомар Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының ( ФИДЕ) президенті Аркади Дворковичпен кездесуінде. Президент бір жыл көлемінде интеллектуалды ойын шеберлері мен жанашырларымен төрт рет кездесу өткізді.
Мынау суретте Президенттің қасында қазақ елін бүкіл әлемге ақыл — ой тәрбиесіндегі жеңістерімен танытқан халықаралық дәрежедегі гроссмейстерлер Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева , Жансая Әбдімәлік, Гүлісхан Нақбаева .
Сондықтан бұл алдағы сайлауда өзім секілді қазақстандық шахмат жанкүйерлері мен интеллектуалды ойын шеберлері бір ауыздан президенттіккен үміткер Қасым — Жомарт Тоқаевқа дауыс беретіне сенемдімін. - Балтабек Түйетаев, Түркістан облысы ҚХА жанындағы журналистер мен блогерлер клубынвң мүшесі, Қазақстанның “Құрметті журналисі”