БАТЫРЛАРЫМЫЗДЫҢ ЕРЛІГІ МӘҢГІ ЖАДЫМЫЗДА
Ұлы Жеңіс күні – аға буын мен олардың ерлігін сабақтаған қастерлі мейрам. Ардагерлеріміздің айбынды білегімен, қасық қанымен қорғап қалған бейбітшілік бізді жігерлендіріп, биік мақсаттарға жетелейді. Жеңістің қадірі бәріміз үшін аса қымбат, ұрпақ үшін тағылымы зор. Сайрам ауданының тәртіп сақшылары жыл сайын «Жеңіс күні» қарсаңында, соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетуді дәстүрге айналдырған. Алайда Жеңіс күнін еске алатын ардагерлер қатары өкінішке орай, жыл өткен сайын сиреп барады.
Сайрам ауданының полицейлері ауданның Құрметті азаматы, ҰОС-ның қатысушыларына теңестірілген ардагер, ІІО-ның отставкадағы подполковнигі Ташходжа Аташевтің үйіне барып, мерекемен құттықтап қайтты. Тарихтың тірі көзі, кейінгі ұрпаққа өнеге болып отырған тыл ардагері Ташходжа Аль-Акбаровичке сый-құрмет көрсетіліп, қаржылай марапат жасалды. 97 жасқа қадам басқан қарияға мықты денсаулық тіледі.
Ал қазыналы қариямыз полицей ізбасарларына алғысын жаудырып, жүрекжарды лебізін білдіріп, бата берді.