ЖЕЛТОҚСАНҒА ҚАТЫСУШЫ ҚЫЗДАРДЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ ӨЗ ҚОЛЫМНАН ШЫҚҚАН   МЕЙІРІМ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІН ТАБЫСТАДЫМ

898

Бүгін Кентаудағы Оқушылар үйінде мейірім іс-шарасы өтті. Желтоқсан айы жылдың суық айы болғанмен бүгін анау айтқандай суық болмады.Күннің  көзі шығып тұрған соң ызғарды елең  ете қоймадым.Ет қызуымен байқамадым. Оқушылар үйінің директоры Халуа керемет жан екен. Қуанып қарсы алды. Оның үстіне уәде құдайдың үйі деген желтоқса оқиғасына қатысқан біраз кентаулықтарға сөз бергенмінЖелтоқсан  құрбандарын еске алу желтоқсанның аяғына дейін жалғастырамыз.Сол кездегі қыршын кеткен қазақ аруларына арнап  ұлттық өрнекпен кестеленген  костюмдер тігіп жатырмын сол бұйымдарды табыстаймын жас балауса өнерлі  қыздарға деп. Сол уәдемді орындадым. Елу шақты ұлттық киім алып барып жиналған біраз қызды киіндірдім. Қыз деген гүл сияқты кестелі киімдер жараса кетті.Туасы қазақ қыздарының киімі ерекше әдемі көздің жауын алады. Осының бәрі менің қолымнан шықты ма деп өзіме-өзім сүйсініп қоямын.Кейбіреулеріне өлшемдері келмесе де киіп алыпты. Қызықтым жас кезім есіме түсті. Бояусыз балғын қыздар. Осыдан отыз алты жыл бұрын болған желтоқсан оқиғасы ойыма оралды. Желтоқсан рухты оятар ай болып есімде қалды. Кез-келген жеңіс оңайлықпен  келмейді, кан төгілумен де келетіні тарихтан мәлім. Тәуелсіздік те дәл солай келді. Тәуелсіздіктің бастауы желтоқсан оқиғасы.Намысшыл жастар алаңға шығып отаншылдық қасиетін танытты. Талай қыздың ары тапталды,темір күректермен  денелерін осып-осып жаншылып жатты. Түрмедегі қылмыскерлерге қорлауға тасталғаны да болды. Не деген қатыгездік. Жас жігіттерді қолына ілінгенмен төмпештеді. Талай боздақ бақилық болды, талайы алаңға  шықтың деп оқудан шығарылып қуғындалды.

Сол қазақилықты армандап кеткен қыздардың рухына арнап қазақы нақыштағы киімдерді  балғын да нәзік қыздарға тарту етіп отырмын.  Кие алмай кеткен қазақ  арулары киімін  Оқушылар сарайының биші,әнші қыздары киіп  жарманда кеткен  қаһарман апаларын еске алды.Қазақ оюындағы нәзіктік мейірім шаұырады. Мейірім тәрбиенің анасы.Іс-шараға оннан аса кентаулық желтоқсаға қатысушылар келді. Киімдерді көргенде көздеріндегі мұң сейіліп ризашылықтарын білдіріп жатты. Келе жатқан Жаңа жылға арнап Шәмші ағамыздың  Қайықта әнін бірге орындап бәріне орамал сыйладым. Қазақ әйелінің басына орамал жарасқан,орамал   отанасының белгісі, ар-ұяттың нышаны.   Көңілім орнына түскендей. Әл-Фараби ғұламаның қайырымды қала еңбегі ойыма оралды. Бәріміз кішкене болса да қайырымдылық жасап,мейірімімізді төксек қайырымды қала жасайтынымыз сөзсіз.

Қалыйма Жантөреева

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы

 Атқарушы хатшысының орынбасары,

Түркістан облыстық мəслихатының депутаты,

Түркістан облысының Құрметті азаматы