ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН БҰЗҒАН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНУДА

153

Түркістан облысындағы тұтынушылардың құқықтарын бұзған кәсіпкерлерге 9 айда 155 мың теңгеден аса айыппұл салынып, тұтынушыларға 30,8 млн. теңгеден астам қаражат қайтарылды.

Еліміздің сауда нарығы тауарлар мен қызмет көрсетудің жоғары сапасын талап етеді. Мұны тұтынушылардың шағымдары дәлелдейді. Олардың басым бөлігі бөлшек саудадағы, тұрмыстық қызмет көрсетудегі және онлайн сауда желісіндегі сапасы төмен тауарлар мен мардымсыз қызмет көрсету бойынша шағымдар. Тұтынушыларды жосықсыз кәсіпкерлер өз құқықтарын қорғауға мәжбүр етеді. Мысалы, кәсіпкерлер 14 күн ішінде сапасыз өнім үшін ақшаны қайтарудан, оны айырбастаудан, жөндеуден, өнім туралы сенімді ақпарат беруден және басқалардан бас тартады. 2023 жылғы 1 қаңтар мен 30 қыркүйек аралығында Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 1187 өтінішті қарады 1120 өтініш (94,3%) қанағаттандырылды, оның 207 жазбаша өтініштер, басқа мемлекеттік органдарға қайта жолданғаны 53 өтініш, басшылардың жеке қабылдау 246, жедел желі 403, сондай-ақ 9 ай ішінде 26 сауда субъектілеріне тексеріс ашылып, 33 сауда субъектілеріне бұзушылықтарды жоюға ұсыным берілді, 155 250 теңге көлемінде кәсіпкерлерге айыппұл салынды.

Тұтынушыларға департаменттің көмегімен 30,8 млн. теңгеден астам қаражат қайтарылды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау келесі негізгі қағидаттарға сүйеніп жүзеге асырылады:

1) тұтынушылардың экономикалық мүдделеріне жәрдемдесу және осы мүдделерді қорғау;

2) сатушы (дайындаушы, орындаушы) ұсынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін).

3) тұтынушыларды сауаттандыру;

4) тұтынушылардың заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету;

4-1) электрондық коммерцияда тұтынушы-лардың заңды мүдделерінің басқа сауда нысандарында ұсынылатын қорғау дең-гейінен кем емес қорғалуын қамтамасыз ету;

5) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысуы;

6) тұтынушыларды қауіпсіз және сапалы тауарлармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен) қамтамасыз ету қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.

Құрметті оқырмандар, тұтынушылар!

Өздеріңізге мәлім, мемлекеттік органдардан кәсіпкерлерге тексеріс жасауға мораторий жарияланған. Сондықтан Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті сіздердің белсенді тұтынушы ретінде позицияларыңызға алғыс білдіреді. Егерде дүкен сөрелерінде тауар бағасы жазылмаған фактілерді анықтасаңыз немесе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының өсуі байқалса, я болмаса сапасыз қызметті қолдансаңыз біздің департаментке сол кәсіпкерге қатысты арыз-шағым білдірсеңіз болады. Тұтынушылардың арыз-шағымы негізінде ғана жоспардан тыс тексеру жүргізуге болатынын хабарлаймыз. Біздің телефон +7-771-322-82-82, +7-700-606-00-71, +7-775-224-56-16, +7-707-347-38-76. Мекен-жайымыз: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала м/а 32 көше, 16 ғимарат, корпус А 427 кабинет.

Амангелді Марғұлан Арсланұлы,

ҚР Сауда және интеграция министірлігінің Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Бас маманы.