ЖАҢА ЖЫЛДА БАЛАЛАРҒА ТӘТТіЛЕРДІ ТАБЫСТАУДЫ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДАН БАСТАДЫМ

562

Жаңа жыл  қарсаңында облыстың «Құрметті азаматы» әрі облыстық депутат ретінде мен Кентауға бардым . Жұрттың асыға күтетін мерекелеріні бірі — Жаңа жылдарымен құттықтап,  кішкентай баладан, еңкейген қарияға дейін Жаңа жылдан өзіне жақсылық, өзгерістер күтетінін айтып, балаларға сабақты жақсы оқыңдар, тәртіпті болыңдар,  ата-ананың, ұстаздарыңның айтқанын тыңдап, сабақты жақсы оқу, өзгелерге үлгі, өнеге көрсету — сіздердің басты міндеттерің. Сіздер неғұрлым білімді, тәрбиелі болсаңыздар, болашақта үлкен азамат болып, еліміздің дамуына үлес қосасыздар,  -деп, алдымен тоғыз  балалы Алдиярова Нұрсауленің отбасына, тоғыз  балалы  Даулетияр Сабиляның отбасына   және әлеуметтік аз қамтылған отбасы, зейнеткер Сабиева  Сауленің   немерелеріне арнайы  Жаңа Жылдық тәтті сыйлықтарын табыстадым.

Қаламыздағы он шақты  отбасылардың үйлеріне барып жалпы 50 балаға осындай сыйлықтар табыстадым және  сыйлық алған отбасылардың қуаныштарында шек болмай, өз алғыстарын білдірді.Әсіресе көпбалалы отбасындағы бүлдіршіндерге тәттілер табыстағанда  әсері ерекше болды . Әрқайсысы бір-бір сыйлықтан ұстап тұрғанда өзімнің бал дәурен балашағымды еске түсірдім. Әкетайымның жұмысынан үйдегі сегізімізге де  тәтті сыйлық беріп жіберетін. Сыйлық таусылғанша ұйықтағанда жастығымыздың астына басып ұйықтайтайтынбвз. Кейде шокаладтары еріп жастықтың тысын бүлдіріп қоятын еді.  Сабырлы анамыз ләм демей  жастықтысты ауыстырып қоятын Еріксіз жымидым балалармен  бірге қуандым.Қай заманда болса да баланың аты бала. Бала үшін тәттіден артық Жаңа жылда сыйлық жоқ.Өмірлерінде тәтті сәттері мол болсын!

Қалыйма Жантөреева

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы

Атқарушы хатшысының орынбасары,

Түркістан облыстық мəслихатының депутаты,

Түркістан облысының Құрметті азаматы