ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕ МАҢЫЗДЫ

474

Қазақстан Республикасындағы конституциялық білім алу құқығын қалыптастырудағы мемлекеттік бағдарламалар мен олардың жүзеге асырылуы барысындағы құқықтық, әлеуметтік мәселелер карастырылған.Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы білім алу жүйесін реформалар барысында нормативтік қүқықтық актілср мен бағдарламалық құжаттарды дайындау кезінде ұсыныстар Қазақстан Pecny бликасының заң шығарушы және атқарушы мемлекеттік билік органдарымен толықтай ескерілуі мүмкін.

Халықаралық қоғамдастықпен қабылданған адамның дамуының концепциясы, бүгінгі күнде әлем әр елге оның білім саласындағы жетістіктеріне мән беру арқылы бағалайтынын білдіреді. Алдынғы қатарлардағы мемлекеттердің, соңғы он жылда экономикалық көтеріліске және сонымен қатар әлеуметтік тұрақтылықта жетістіктерге жеткен тәжірибелері, айқын түрде осындай жетістіктерге қол жеткізу ол қоғамның білім деңгейі екенін, және білім саласындағы көтерілген мәселелерді шешу арқылы жеткізгенін көрсетеді. Осылай, Үлкен Сегіздік Саммитінде (Санкт – Петербург, 16 шілде 2006 ж.) мемлекеттер басшылары бүгінгі қоғам өміріндегі білімнің үлкен рөлін атап кетті: «Білім – қоғамның дамуындағы ең маңыздысы болып табылады.

Кемел болашақта халықтың дәулеттілігінің басты кілт көзі мен ресурсы оның интелектуалдық потенциалында болып табылады.Оның деңгейі фундаменталды ғылымның даму деңгейімен, халықтың білімділігімен, осыған орай, білім беру жүйісінің салаластығымен және оның қол жеткізушілігімен анықталады. Жаңа мемлекеттің пайда болуы мен тұрақтануы кезеңінде көп нәрсе, оның қандай бағыт қойып даму стратегиясына байланысты болады.

Бүгін Қазақстан тәуелсіз, егемен мемлекет ретінде өзінің, ұлттық білім беру моделін қалыптастыруға тырысады.Мемлекет президент! Н.А. Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2050» Қазақстан халқына жолдауында «Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Үлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп түр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды [1, 235 – б.]. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» екенін атап өтті.

Адам құқықтары демократиялық қүқықтық мемлекетте бостандықтың институционализация формасы ретінде есептеледі, сондықтан бүгінгі жахандану процесс!жағдайында және мемелекеттік-қүқықтық реформалар жүргізу барысында конституциялық маңыздылық пен механизімнің ғылыми зерттеулер жүргізу және оны жүзеге асыру ерекше өзектілікке ие болады.

Зерттеу әдісі

Қазақстан Республикасы мен шет елдердегі білім алу құқығының мазмұнын және оның жүзеге асырылуы барысындағы қүқықтық, әлеуметтік мәселелерді қарастырып оларға зерттеу, шолу жасау болып табылса, жүмыстың міндеттері болып:

  • ҚР азаматтарының білім алу құқығын реттейтін Конституциялық нормаларының дамуының ерекшеліктерін көрсету;
  • азаматтардың білім алу конституциялық құқығына теориялық негіздеме ж» не анықтама беру; берілген дефиницияның ішкі мазмүнын ашу; ұлттық конституциялық жүйе үшін оның мағынасын көрсету;
  • білім алу саласындағы азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің толық жүйелі байланысын көрсету, себебі мұндай байланыстар аталған құқықтар мен міндеттердің өзгешеліктерін анықтайды;
  • ҚР, РФ және басқа шетел азаматтарының білім алу конституциялық құқықтарын бекітетін қолданыстағы заңнамасына құқықтық – салыстырмалы сараптама жасау;
  • ҚР конституциясында бекітілген азаматтардың білім алу конституциялық құқықтарын басқа құқықтар мен бостандықтардан шектейтін белгілерді анықтау және сипаттау.

Зерттеу жұмысының әдістемелік маңыздылығы білім алу жүйесін реформалар барысында нормативтік құқықтық актілер мен бағдарламалық құжаттарды дайындау кезінде үсыныстар Қазақстан Республикасының заң шығарушы және атқарушы мемлекеттік билік органдарымен толықтай ескерілуі мүмкін.

Білім алу құқығы – адамның және қоғамның дамуына алғышарт болатын, маңызды конституциялық кұқықтарының бірі болып табылады.

Бүгінгі таңда қоғамдық қатынастардың дамуы экономикалық, саяси, әлеуметтік- рухани, информациялық өмір салаларының интеграция әсеріне ықпалды.Бұндай жағдайда білім алу конституциялық құқығы ерекше мәнге ие болады, себебі ол инновациялық экономиканың, азаматтардың белсенділігінде қалыптасқан тиімді мемлекеттің фундамент! болып табылады.

Әлемдік тенденцияларды еске ала отырып жоғары білім алу аясында өзгертулер қажеттілігі мемлекеттің жоғары басшылығы да мойындайды.Соған байланысты Қазақстан Республикасының Президент! Қазақстан Халқына әр жылғы жолдауында, жоғары білім беру саласында жаңартулар енгізуін айта отыра: «Білім беру әдісінің өзіне жаңа ықпалмен келу керек. Бүгінгі жаһандану мен жаңа технологиялар таңында – ол жай әлеуметтік сала емес. Бұл мемлекеттің болашағына үлкен қаражаттандыру жасау» [2, 82-6].

Осылайша, Қазақстан халқының сапалы жаңғартуы ҚР Конституциясында бекітілген әркімнің білім алу құқығына жаңа түсінішулікпен қарау, дәстүрлі түрде қалыптасқан көзқарастарды қайта қарауға тура келеді.

Зерттеу нәтижелері

Осы ғылыми зерттеудің нәтижелері бірқатар факторлармен тығыз байланысты, олар: білім алу ұғымның теориялық және Қазақстандағы конституциялық білім алу құқығының нормативті мағынасын, біркелкі Еуразиялық білім беру кеңестігінде қайта қараулар қажеттілігі.

Аталған факторлар жаһандану кезеңінде қойылған мәселелерге ғылыми зерттеулер мен конституциялық білім алу құқығының құқықтық реттеу перспективасы мен іске асырудағы алғышарты болып табылады.

Білім алу жэне оны жүзеге асыру құқығының конституциялық аспектілер анализін өткізу үшін келесі конституционалист ғалымдардың еңбектері ескерілді С.А.  Кабышев, Г.Н. Комкова, Б.В. Кожанов, С.С. Кравчук, О.Е. Кутафин, Е.А. Лукашева, Г.В. Мальцев, Ф.М. Рудинский, И.Е. Фарбер, Б.С. Эбзеев.

Сонымен қатар, құқықтық зерттеушілердің кызығушылығына қарамастан білім алу құқығының іске асырылуы мен мазмүнына, Қазақстан Республикасының батыстық білім беру жүйесінен тэжірибе алып ену, бүгінгі күнде құқықтық ғылымда эліде толықтай зерттеліп қарастырылған емес.

Конституциялық құқық пен бостандықтарды зерттеудің өзекті мақсатының қүрамдас бөлігі білім алу құқығы болып табылады себебі, ол адамдардың басты құқықтарының системасында маңызды орын алады.Бұл білім алудың элеуметтік маңыздылығымен түсіндіріледі, оның тұлғаны жан – жақты дамытуы, азаматтарды жалпы білім мен арнайы мамандандыруы, олардың мэдени жэне рухани сүраныстарын байыту.

Дүние жүзілік жаһандану жағдайында ақпараттық кеңістіктің шапшаң дамуы жэне білім беруде қазіргі элемдегі ерекше өзектілік инновациялық технологияларды енгізуді қолдау қажеттілігі, кез келген дамыған елдердің саяси, экономикалық жэне мэдени тұрақтылығына байланысты.

Білім беру жүйесінің барлық деңгейіндегі нэтижелі кең талдау көзі, қоғамның жэне халықаралық ұйымдардың жоғарғы сүранысына ие болған Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту туралы Ұлттық баяндамасы болды.

Негізгі ақпараттың біртұтас жалпы ұлттық стратегиясын инновациялауға, Қазақстандағы білім беруді дамытуды алдыңғы қатарлы етуге жауап беретін ашық есеп алтыншы жыл жарияланып келеді.

Жеке қүқықтар мен бостандықтар адам мен азаматтың құқықтық мэртебесінің түп қазығы болып табылады.Оларды шектеуге болмайды. Сондықтан Қазақстан Республикасы Конституциясының баптарында аталған құқықтар мен бостандықтар кейде «азаматтардың өздік құқықтары мен бостандықтары» деп те аталады, оларға мемлекет тарапынан берілген кепілдіктің деңгейі өте жоғары. Жеке құқықтар мен бостандықтарға адам азаматтығына қарамай ақ ие болады. Бұл тұмысынан тиесілі құқықтар, олар мемлекеттің не басқа тұлғалардың еркі бойынша аластатылуы мүмкін емес. Бұлар адамның өмірімен, бостандықтарымен, ар ожданымен және басқа табиғы құқықтарымен байланысты құқықтар.

Азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтары өмір сүру; жеке бас бостандығы; адамның қадір қасиетіне қол сұқпау; жеке өміріне қол сүғылмау, өзінің және отбасының құпиясы болуы, ар намысы мен абыройын қорғау; өзінің қай ұлтқа, қай дінге жататынын анықтау және оны көрсетпеу, ана тілі мен шығармашылық тілін еркін таңдап алу; заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алу және тарату, т.б.құқықтар жатады.

Әрине, бізге Қазақстан Республикасында білім алудың бірнеше жолы бар екендігі белгілі.Біріншіден, азаматтардың мемлекеттік оқу орындарына тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Ол дегеніміз жасөспірім балалардың орта білім алуға міндеттілігі. Екіншіден, азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар. Ал жеке меншік оқу орнында ақылы білім алу заңмен белгіленген негіздермен тәртіп бойынша жүзеге асырылады. Қалай болғанда да мемлекет білім берудің жалпыға міндетті нормаларын белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі сол нормаларға сай болуы керек.

Зерттеу жұмысының ғылыми маңыздылығы – бүгінгі жаһандану кезеңіндегі және әлеуметтік – рухани сферадағы Қазақстан Республикасы мен шет елдердегі конституциялық білім алу құқығының нормативті мазмүны мәселесінің негізін кешенді зерттеу және жақсартуға атсалысуымыз азаматтық борышымыз екені сөзсіз.

Әлеуметтік – экономикалық өркендеу XXI ғасырда мемлекеттік қоғамның барлық мүшелерін білім алумен қамтамасыз етуге байланысты және әр адам қарқынды дамып келе жатқан қоғамда табысқа жете білу.Инновациялы қоғам адамдарды тез өзгермелі дүниеде өмір сүруге үйретеді. Біз «білім үшбүрышының» барлық элементтерін (білім, зерттеулер және инновациялар) интеграциялау және дамыту арқылы бүкіләлемдік инновациялық қоғамның құрылуына барлық жағдай тудыруға, ірі көлемді инвестициялар адам ресурстарына, профессионалды жүмыстар мен ғылыми зерттеулер жасауға, және де білім беру системасын жаңартуға барымызды береміз.