ОН ҰЛТТЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТАТУ ТӘТТІ ӨМІР СҮРУДЕ

247

Шорнақ ауылдық округінің әкімі Бердәлі Баймұратовтың баяндауынша, кент төрт елді мекеннен құралған. Шорнақ, Қосмезгіл, Аша, РЗД-32 мекендеріндегі 2176 жанұяларда 10 ұлттың өкілдері қазақ, өзбек, татар, орыс, қырғыз, башқұрт, ұйғыр, түркімен, кәріс, дұңған 13094 халық тұрады. Олар Шорнақтың дамуына бір қолдың саласындай, бір атаның баласындай бірлесе қызмет атқарады. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, дәстүрлі мерекелермен, әр ұлттың өзіндік дәстүр-салтын сақтай отырып, барлығына ортақ жыл басы — Наурыз мерекесінде ұлттық тәтті тағамдарымен бір-біріне сый-сияпат жасап жатады.