ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТУДА

266

Шорнақ ауылдық округінде 2021 жылдың 12 айында мүлік салығы 1541,0 мың теңге болса, жер салығы 350,0 мың теңге, көлік салығы 11676,0 млн теңге, жеке кәсіпкерліктен жеке табыс салығы 400,0 мың теңгеге, ерікті жарна 200,0 мың теңгеге жетіп, жоспар жүз пайызға орындалды.

Шорнақ ауылдық округі бойынша бір жылда атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш бергендер саны 250 отбасы болса, оның ішінде учаскелік комиссияның қорытындысы бойынша 156 отбасы мұқтаж деп танылып, оларға әлеуметтік көмек тағайындалған. Тағайындалған қаржы көлемі 20 516 990 теңге болды. Қалған 94 отбасының құжаттары толық болмауына байланысты мұқтаж емес деп құжаттары қайтарылды