ЖҮЗДЕН АСТАМ ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫ БАР

380

Шорнақ ауылдық округінің жалпы ауыл шаруашылық жері -51770 гектар. Оның ішінде- суармалысы -4608 гектар, жайылымы -24120 гектар болып отыр. Шорнақ ауылдық округі бойынша «Сауран ауданы Агроөнеркәсіп кешенін 2018-2021 жылдарға дамыту» бағдарламасына сәйкес 2021 жылы іске асырылған жұмыстары атап өтуге тұрарлық.

Шорнақ ауыл округі бойынша барлығы 101 шаруа қожалығы оның ішінде іріленген 7 шаруа қожалығы, 3 жауапкерлігі шектеулі серіктестіктер бар. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі 900 млн. теңге болса, нақты орындалғаны 53 млн 900 мың теңгені құрайды.

Шорнақ ауыл округі бойынша 3460 га жерге егіс егу жоспарланса, 3485 га жерге егіс егіліп, 100,7 % орындалды.

Қазір Түркістан облысында өндіріске енгізілген жаңа жоба бойынша, жоспар жылына бір алқаптан 2-3 рет өнім алу жобаларын іске асыруға 25 шаруа қожалығы кірісті. 26 ауыл тұрғыны үй іргелік жерлеріне жылыжайлар салып, қияр, қызанақ, қырыққабат егіп жылына екі үш реттен өнім алуда. Жылыжай шаруашылықтарын дамыту бойынша жоспар 0,5 га болса,бүгінгі таңда барлығы- 0,85 гектарға жаңадан жылыжай салып редиска қияр, қызанақ егіп пайда табу мақсатында еңбек етуде.Ауыл шаруашылық техникаларын жаңарту жылдық жоспар 10 бірлік болса 12 айда 7 дана жаңа ауыл шаруашылық техникалары алынды.