АШАДА ЖӘНЕ ҚОСМЕЗГІЛДЕ МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

219

Интернет желісі ТЕЛЕ-2 жүйесіне оптикалық талшықты желімен қосылады.

Қосмезгіл маңынан қоныс тепкен ауданның әкімшілік орталығында кеңселік ғимараттар бой көтереді. Аурухана, әкімшілік, кешенді спорт алаңы, балаларға арналған воркауттар салынып жатыр.

Бір жылда ғана қыруар жұмыстары атқарылған Шорнақ бүгін ауыл болғанымен ертең оның кент, қала болатындығына халық нық сенімді.

— Біз «Жаңа Қазақстанды» құрамыз десек, әрқайсымыз да қайта құрыла білуіміз керек. Жұртты әлеуметтік желі арқылы шулатудың заманы өтті. Шорнақтың көп проблемасы айқай-шусыз шешіліп жатыр.Тек бұл жолда тұрғындарға бірлік керек. Үлкен тәрбие қажет. Ежелгі Сауранның тұрғыны деген қасиетті атқа ие болатындай мінез қажет. Ол бүгінде қалыптасып, қайта жаңғырып келеді. Тек соны жадымызда ұстағанымыз абзал»,-деп қорытындылады сөзін аудан әкімі.

Шорнақтықтар аудан әкімінің еркін форматтағы ешнәрсені жасырмай сабырлы өткізген салиқалы есебіне ризашылықтарын білдірді.

Ескендір ЕРТАЙ.