АНАЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ – АБЫРОЙЛЫ ІС

215

Сауран ауданының болашағы зор, тарихы бай, көне мәдени ескерткіштерге толы қазақтың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрыптарының барынша қаймағы бұзылмаған ауданның бірі. Мемлекетіміз басымдық беріп келе жатқан бағыттың бірі гендерлік саясат екені мәлім. Осы ретте әйелдерге тең қолжетімділікке және өмірдің барлық салаларында қатысуды қамтамасыз ету мақсатында әртүрлі шаралар атқарылуда.

Еліміздің тәуелсіздігін алғалы бері 1998 жылы 22 желтоқсанда Президент жанынан «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат» Ұлттық комиссиясы құрылды. Ұлттық комиссияның негізгі бағыттарына әйелдердің саяси, экономикалық және мәдени тұрғыдан алға басуы. Әйелдердің және олардың отбасының денсаулығын жақсарту, сондай-ақ әйелдерді түрлі кемітушіліктің барлық түрін жою болып атап көрсетіледі. Осыған орай Президентіміздің тікелей нұсқауымен 1999 жылы 19 ақпанда Ішкі Істер министрлігінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімі ашылды. Оның қызметі — әйелдердің конституциялық құқықтары мен бостандықтары, заңды мүдделерін құқыққа қайшы әрекеттерден қорғауды қамтамасыз ету, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтан қорғау және оған жол бермеу болып табылады.

Осы орайда біздің жаңадан құрылған ауданымызда осы саясатты жалғай отырып, Сауран аудан әкімдігінің 25.10.2021 жылғы №90 қаулысына сәйкес, Сауран ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының құрамы мен ережесі осы қаулының №1,2 қосымшасына сәйкес бекітілді. Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейін отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ауданымызда 2020-2022 жылдарға арналған іс-шаралар іске асырылуда.

Бүгінгі таңда аудан халқы 106348 адамды құрайды. Оның 52248-і әйелдер қауымы. Бұл жылы тұрғындардың 49,2 пайызының қазіргі шектілерден тұратындығын байқатады. Аудандық денсаулық сақтау орындарының берген ақпараттарына көз салсақ аумақта демографиялық өсу жоғары дәрежеде. 2021 жылы 2401 сәби дүниеге келсе 2022 жылдың бірінші тоқсанында 493 бала өмір есігін ашқан. Ауданда әйелдерді профилактикалық тексеруден өткізіп отыру жолға қойылған. Бүгінде жылдың басынан бекітілген жоспар бойынша 0-18 жас аралығындағы қыз балалар аталмыш шарамен қамтылды. Ауданда 5584 әйел тексеруден өткізіліп оның 3070-іске экстрагениталды патология екендігі анықталып тиісті ем-дом көрсетілді. 856 әйелге контрацепция жасалды. Сондай-ақ балалардың 7488-і тексеруден өткізіліп оның 335-не ем тағайындалуда. Сонымен қатар жоспарлы түрде мүмкіндігі шектеулі жандарды да қамтып отыр. Мәселен, бүгінгі таңда 26 бала сауықтыру орындарына жіберілген. Диспансерлік есепте тұрған 32 бала емдерін қабылдады. Әсіресе Бабайқорған ауылдық округіндегі Абай, Серт, Үлгілі, Майдантал ауылдық округіндегі Қаражон, Жібек жолы және Үшқайық ауылдық округтеріндегі елді мекен тұрғындарына сапалы медициналық алдын-алу көмектері көрсетілді. Жалпы тексерілген халық саны 1470 адам болса оның ішіндегі 563-і әйелдерді құрайды. 205 баланың ішіндегі 38-і мүмкіндігі шектеулі балалар болып танылады.

Ауданымызда көп балалы аналардың саны жылдан жылға артып келеді. Яғни «Алтын алқа», «Күміс алқа» алған аналарымыздың саны артуда. Бір жылдан аса мерзімде 59 ана сондай марапаттардың иелері атанды. Оларға мемлекеттік награданы аудан әкімі Ғ.Рысбеков салтанатты түрде табыс етті.

Әйелдерді еңбекпен қамту мәселесі де басты мәселенің бірі. Аудан жаңадан құрылғалы бірнеше мемлекеттік мекемелер жаңадан ашылды. Әрине бұл құрылымдарға еңбекке қабілетті қыз-келіншектерді қолданыстағы заңнамалар негізінде жұмысқа тарту жүзеге асырылды.

Бүгінгі таңда 143 мемлекеттік қызметкерлердің 19-ын әйелдер құрап отыр. Ал мемлекеттік коммуналдық мекемелерде ұстаз, дәрігер, тәрбиеші болып істейтіндердің саны басым. Аудан Кентау қаласынан бөлініп шыққаннан кейінгі 9 аудандық мәслихаты депутаттарының 2-уі әйел. Кәсіпкерлікпен, орта және шағын бизнеспен 5054 адам айналысса оның 942-сі қыз-келіншектер. Сауран ауданына қарасты ауылдық округтерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізілуде. Ұлттық жобаның «Бизнес бастау» бағдарламасы және мемлекеттік «Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасындағы қайтарымсыз 5,0 млн. теңгеге дейінгі инновациялық жобалар арқылы қатысуға болатын бағдарламалар түсіндірілуде. Өткен жылы жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін, мемлекеттік бағдарламаларын түсіндіру мақсатында аудан әкімінің іс-шара жоспары бекітілген. Сауран ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімі және өңірлік «Атамекен» Кәсіпкерлер Палатасымен 12 ауылдық округтерде кәсіпкер болуға ниетті немесе кәсіпкерлерге, Бизнес үшін маңызды қаржылай қолдау болып табылатын «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы 2025», Шағын және орта бизнесті жеңілдетілген несиелендіру бағдарламалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізе білді. Сондай-ақ бизнес жүргізуді жеңілдету үшін кәсіпкерлерге арнайы бағыт-бағдар беріп отыратын «Бизнеске арналған Үкімет» орталығы құрылған. Онда кәсіпкерлерге қаржы ұйымына дейін кеңестер беріп, жобаларды сүйемелдеу қызметін атқарып отыр. Бизнес жобаларды қаржыландыру мен мемлекеттік бағдарламаларды тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. 2021 Сауран ауданы бойынша «Ырыс» «МҚҰ» ЖШС-нан көктемгі егін науқанына 7 әйел кәсіпкердің жобасы мақұлданып 21,4 млн. теңге несие алған.

Неке мен отбасы да алдыңғы орында тұр. Өткен жылдан бері 184 отбасы жаңадан құрылды. Өкінішке орай 9 отбасы ажырасуға өтініш тастаған. 11 ана әке танумен балаға туу туралы куәлігін алып әрбір дүние есігін ашқан бала толыққанды отбасы болып заңды некемен тіркеліп баланың құжаттануы да толық еместігін байқатты. Оған қоса әкелеріміз балаларына алимент төлеуден де бас тартып, қашып жүргендер жетерлік. Толыққанды емес отбасылар да аз емес. Өкініштісі жалғыз басты аналар бала-шағаның қамы деп ас ауқатын табу қамында базарда жүрген, балаларының тәрбиесіне ешқандай көңіл бөлуге уақыттары болмай жататын, соның салдарынан да неше түрлі теріс жағдайлар орын алуда. Атап айтсақ, балалардың ұрлыққа әуестігі, үй жағдайында түрлі оқыс оқиғалардың болуы, үйдің өртенуі немесе жоғарғы этаждан құлап кетуі деген жан түршігерлік жағдайлар да кездесетінін естен шығармау керек. Әрине бұл ретте дағдарыстық орталықтармен өзара іс-қимыл жасау туралы және әйелдерге қарсы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мәселелері бойынша жұртшылық алдында, мекемелерде және оқу орындарында құқықтық көмек көрсету, БАҚ құралдарында әрдайым ақпараттық түсіндіру жұмыстары мейлінше жүргізіліп келеді. 2022 жылдың 1-2-ші тоқсанында әйелдердің құқықтарын шектеу туралы шағымдар мен арыз саны 21, оның қысқартылғаны -10, оның ішінде зорлық-зомбылық жәйті орын алған, қозғалған қылмыстық істер жоқ, әкімшілік жолмен қаралғандары 11 іс құрады. Әйелдер арасында өз-өзіне қол жұмсау жәйті бойынша 1 өліммен аяқталған суицид орын алды. 2022 жылдың 1-2 тоқсанында Сауран ауданы көлемінде әйелдер жөнінде тіркелген қылмыстар және заң бұзушылықтар саны 21, оның ішінде жанұяда болған тұрмыстан іс қылмыстық іс өндірісімен қысқартылғандар — 11, тұрғылықты жері бойынша жасалған қылмыстар 21, қызғаныштан жасалғаны -3 болып тұр. Сонымен әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі құрылған комиссиясы әйелдердің құқықтарын қорғау көне құндылығымен байланыс орнатып, ұсыныстармен алмасуда. Аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қатысуымен зорлық-зомбылықтың алдын алу, ата-бабамыздан келе жатқан отбасы құндылықтарын дәріптеу,  халық арасында ана мен баланы қорғау тақырыптары да көтерілуде. Ауданымызда көп ұлттың этнос өкілдері тұрады. Ауылдық округтер мен елді мекендерде туысқандық некелер де орын алып отырады. Олардың некелері діни ұйымдарда, мешіттерде некелерін қидыру арқылы да көбейіп жатыр. Тағы бір атап өтетін жайт кейінгі кезде жастар арасында азаматтық некелер де көптеп орын алуда осының салдарынан түрлі қиыншылықтарды тудырып жатады. Әйел баласы өзіне тиесілі заңды көмектерден шектеуленіп, әлеуметтік жағдайы жағынан бәсеңдеушілікке әкеліп неше түрлі отбасылық кикілжіңдер орын алып, отбасылық құндылықтардың төмендеуі, ата-бабамыздың дәстүрі жоғалып келешек ұрпаққа беретін тәрбиелік мәні де азая береді. Сонымен қатар ерте жастан некеге тұру, кәмелет жасына толмағандар арасында ерте жүктілік болуы, ерте жастан жасанды түсік жасатып болашақтарына балта шауып жатқан қаншама жас өспірімдеріміз кездесуде. Сондықтан аналар мен балалардың қорғаны болатындай отбасылық құндылықтарымызды сақтауға арналған іс-шаралар, байқаулар өткізіп тұруды мейірімділік акциясы, мемлекеттік бағдарламалар арқылы көмектің көрсетілуін қамтамасыз етуді күшейткелі отырмыз. Алда біздерді көптеген тың идеялар мен іс-шаралар күтіп тұр. Ал оны жүзеге асыру мәселесі жоғарыда аталған кемшін тұстарымызды түзете түсері, көмек берері сөзсіз.

А.КАНЕТОВА,

Сауран ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы.