ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ – ЖЕМІСТІ ЖҰМЫС КЕПІЛІ
Жері шұрайлы, суы мол болса, диқан қауымының құдайының бергені. Алайда, соңғы жылдары ау райының күрт ысып кетуіне және су көздерінің азая түсуіне байланысты диқандар қауымы аздан да, көптен де үнемдеп, жаңа технологияға көше бастады. Шаруасын дөігелетіп әкеткендер жылына бірнеше қайтара өнім алып жатыр. Қазіргі таңда Иасы ауылдық округінде 20 гектар жылыжай бар. Оның ішінде сәйкестендірілген жылыжай салғандар Маматжан Зайниддинов– 0,04 гектарға, Бахадир Тажиметов Бахадир – 0,03 гектарға жылыжай салды. Тамшылатып суғару әдісін қолға алған шаруа қожалықтары 23 гектарды иемденіп отыр. «Тәжібай ата» шаруа қожалығының иесі Бахрам Тәжібаев – 13гектар, «Идирисов» шаруа қожалығының иесі Хасан Идирисов – 10 гектарға тамшылатын суғару технологиясын пайдаланып отыр. Жылыжайға егілген дақылдардан бірінші айналымда 1гектардан 23 тонна тәтті бұрыш,1гектардан 37 тонна қияр алды.
Акрам Исмаилов 0,15 гектардан бес тонна қияр алса, Бахадир Тажиметов 0,20 гектардан 6 тонна қияр өндірді. Қазіргі таңда 48 тонна қияр және 32 тонна тәтті бұрыш өнімдерін халыққа ұсынды. Мұнда Айгүл Қанжігіт екінші айналымда бір гектарға лимон ексе, екі гектарға қияр екті.
Ауылдық округте бір жерден 2-3 рет өнім алу бойынша 25 жоба іске асырылды. Қарқынды бау жеміс-жидек алқабы 23 гектарға жеткізілді. «Тәжібай-ата» шаруа қожалығының иесі Бахрам Тажибаев 13 гектар жерге қарқынды бау екті.
«Идирисов» шаруа қожалығының иесі Хасан Идирисов 10 гектарға қарқынды бау екті. Иассылық диқандар жылына екі үш рет өнім алудың хас шеберлеріне айналып келеді.