САУРАН:»ҚОҒАМДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

245

«Молда Мұса» атындағы жалпы орта мектебінде «Қоғамдағы дәстүрлі құндылықтардың маңызы» тақырыбында жоғары сынып оқушылары арасында кездесу өтті.

Кездесуге Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы Н.Тәжібай, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Б.Абдрахман, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Танаев, жоғары сынып оқушылары және мектеп мұғалімдері қатысты.

«Қоғамдағы дәстүрлі құндылықтардың маңызы» тақырыбындағы кездесуді мектеп директорының орынбасары А.Танаев ашып, кездесудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында теолог маман Бауыржан Абдрахман салт-дәстүріміз бен дәстүрлі құндылықтарымызды дәріптеу, оларды бүгінгі жастарымыздың санасына сіңіру ертеңгі жарқын болашақтың кепілі екенін жеткізді.

Теолог маман Н.Тәжібай жастарға рухани-мәдени құндылықтарды сақтау, мемлекеттің рухани дамуының негізі екенін түсіндірді.

Кездесу соңында теолог мамандар оқушылардың пікірлерін талқылап, қойған сұрақтарына жауап берді.