«ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ЖАҢА ИҚАНДА

245

Жаңа Иқан ауылының тұрғындарына «Есіктен – есікке» акциясы аясында Сауран аудандық қоғамдық штаб мүшелері мен белсенділері ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, үнпарақтар таратты.

Акция барысында аудан тұрғындарына жүргізіліп жатқан реформалар, қойылған міндеттер мен қол жеткізілген мақсаттар туралы айтылып, Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасында алдағы таяу жылдарда барлық елді мекеннің таза ауыз суға, сапалы жолдарға, жылдам интернет пен тұрақты ұялы байланысқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге басымдық беріп отырғанын, елдегі газдандыру 60 пайыздық деңгейге жеткізу және жоғарыда аталған нақты шаралардың барлығы қаржымен қамтылып, алдағы 7 жылда өңірлердегі тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыратын және олардың даму деңгейіне қатысты теңсіздіктерді айтарлықтай төмендету көзделгені айтылды.

Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының әлеуметтік, кәсіпкерлік және денсаулық сақтау салаларына қатысты түрлі ұсыныс-пікірлері тыңдалып, қараша айында өтетін сайлауда әрбір тұрғын жауапкершілікті сезініп, дұрыс таңдау жасау арқылы Әділетті Қазақстанды құруға шақырды.