БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОҢТАЙЛЫ ТҰСТАРЫ ЕГЖЕЙ-ТЕГЖЕЙЛІ ТҮСІНДІРІЛДІ

260

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб мүшелері Р.Әлжанов пен Е.Қабылбекұлы Созақтағы “Орталық” өндіруші кәсіпорнының “Кендала” кенішіне барып, сайлаушыларды кандидат бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Олар алдағы жеті жылға қандай жұмыс жоспарланғаны туралы айта отырып, кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендей, ауыл мен өндіріс орындары – Қазақстан экономикасының тұрақтылығының негізі болып отырғандығын түсіндірді.

Сондай-ақ, Сауран ауданындағы сенімді өкілдер З.Чалданов, Е.Ахмет, М.Күнпейсов пен О.Егізбаев Ескі Иқан ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиынды сайлауалда бағдарламаның оң тұстары егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Сонымен қатар, халықтық коалиция өкілдері Д.Егамбердиева, С.Сапарбаев, Қ.Қуатбеков, Е.Асқаров пен Г.Ирискельдиев Сайрамдағы «Каз-Тел»ЖШС жұмысшыларымен жүздесіп, мемлекеттік қолдау аясында елімізде жүзеге асырылп жатқан жұмыстар жайында сөз қозғады.

— Еңбек адамы — әлеуметтік құрылымдардың ең басты да маңызды бөлшегі. Қарапайым еңбекқордың мәртебесін көтеруге, оларды ел арасында насихаттауға басымдық беру жайлы жиі айтып жүрміз. Бұл да Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең ұнамды тұжырымдамасы болды» — деді С.Сапарбаев.

Аталған жиындарда штаб мүшелері көпшілікті сайлауға белсенділікпен қатысуға шақырды. Кездесуге қатысқан тұрғындар да алдағы сайлауда халықтық колаиция атынан ұсынылған кандидат Қ.К.Тоқаевты қолдайтындықтарын жеткізді.