ШОРНАҚ БПҰ МҮШЕЛЕРІНІҢ ТАҢДАУЫ ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН

158

Аудандық ветеренария бөлімінде өткен кездесудің мақсаты ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын насихаттау, халыққа ұтымды тұстарын түсіндіру еді.

ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалициясының Сауран аудандық қоғамдық штабының мүшелері Ахметов Сейлхан, Әсілханов Мұрат қатысы. Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында қамтылған мәселелер кеңінен талқылады. Әсіресе, мәдениетті дамытуға, мемлекеттік тілді қолдауға, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіруге айрықша мән берілді.

Бұдан кейін, Шорнақ БПҰ мүшелерімен өңірлерді дамыту, ең алдымен, ауылдарда жайлы өмір сүруге жағдай жасау бойынша кандидат ұсынған шаралар тілге тиек етіліп, халқымыз Әділетті Қазақстан құру идеясының төңірегінде топтасуы керек екені айтылды.

Штаб мүшесі С.Ахметов кездесу барысында қарапайым еңбек адамының мәртебесін көтерудің, оларды ел арасында насихаттаудың маңыздылығы жайлы және бұл да Қасым-Жомарт Тоқаевтың басымдық берген тұжырымдамаларының бірі екенін атап өтті.

Кандидат тұғырнамасындағы көтерілген қарапайым еңбек адамын толғандыратын өзекті мәселелер көпшіліктің көңілінен шықты.

Кездесу соңында Шорнақ БПҰ мүшелері еліміздің болашағы үшін алдағы сайлауда белсенділік танытып, Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдап, дауыс беретіндіктерін жеткізді.