БІРТҰТАС ҰЛТ!

352

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалициясының Сауран аудандық қоғамдық штаб мүшелері Әбсамат Мәткәрімұлы, Құсбек Сапаров, Ибадуллаева Гүлнар, Досманов Жұбан, Мұстапаев Ержан «Біртұтас ұлт» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Бүгінгі кездесу Шпан ауылының «Шпан» мектебінің мәжіліс залында өтіп, штаб мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында қамтылған мәселелерді кеңінен талқылады.

Біртұтас бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру Қазақстанның стратегиялық мақсаты. «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» идеясы төңірегінде пікірлескен штаб мүшелері елімізді алдағы 7 жылда күтетін өзгерістер жайлы тарқатып айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарына тоқталып, ауылды жерлерді кешенді дамытудың тұжырымдамасы мен жастар арасындағы жұмыссыздықпен күресу туралы сөз қозғады. Қарапайым еңбек адамының мәртебесін көтерудің, оларды ел арасында насихаттаудың маңыздылығы жайлы да ұмыт қалдырмады.

Алдағы үш жыл ауылдық аймақтарды барынша дамытуға арналады. Ауылдағы тұрмыстың қаладағы сияқты жайлы болуына күш салынады және игерілмей бос жатқан жерлерді мемлекеттің меншігіне қайтару жұмыстарын тың қарқынмен жалғастырылатын болады. Бастысы ауылдық жерлерді дамытудың кешенді тұжырымдамасы қабылданып, «Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидасы мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала береді, — деді штаб мүшесі Әбсамат Мәткәрімұлы.

Сондай-ақ, кездесу соңында қоғамдық штаб мүшелері алдағы ел болашағы үшін маңызды сәттен тыс қалмай, саяси науқанда дұрыс таңдау жасауға шақырды.