ШЫМКЕНТ: 28-29 ШІЛДЕ КҮНДЕРІ ЖАСТАР БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ

321

Бұл туралы бүгінгі брифингте Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Ж.Утебаева мен аталған басқарманың басшысы орынбасары м.а. Ж. Ордабекова мәлімдеді.

«2022 жылдың 28 шілде күні сағат 09-00 ден 29 шілде күні сағат 19-00 аралығында Шымкент қаласы бойынша 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау жүргізіледі.
Жұмыс істейтін және қажетті балл жинаған жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 211 пәтер Тұран шағын ауданында орналасқан»,- деді басқарма басшысы Жанат Өмірсейітқызы.

Сонымен қатар, 2022 жылы азаматтардың пайдалануына жалпы 1 605 пәтер табысталу жоспарланға болса, оның ішінде жұмыс істейтін жастар бағдарламасы бойынша 857 пәтер беру қарастырылған. Аталған бағдарлама бойынша жыл соңына дейін кезең — кезеңімен конкурстар өткізілетін болады.

Сатып алу құқығынсыз жалға берілген пәтерлер жастардың ипотекалық бағдарламалар арқылы баспаналы болуы үшін қаражат үнемдеуге мүмкіндік бере отырып, жұмыс істейтін жастарды қолдауға арналған жоба.
Жастар 5 жыл көлемінде 5000-17000 теңге аралығындағы соммаға отбасы құрамына қарай 1 немесе 2 бөлмелі пәтерді жалдап тұра алады.

Қатысушыларға қойылатын басты талаптар:
— Жасы 29 жасқа толмаған жұмыс істейтін жас болуы тиіс;
— Бағдарламаға қатысуға өтінім берушініңсоңғы 2 жылда Қазақстан
— Республикасы аумағында иелігінде тұрғын үй тіркелмеуі керек;
— Шымкент қаласында соңғы 2 жылда тұрақты тіркеуде болуы тиіс;
— Ай сайынғы табысы 40 АЕК (122 520 теңгеден) асуы шарт.
Бағдарламаға қатысушылар «kezekte.kz» электронды порталында ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңбасы ) арқылы өтініш бере алады.

2022 жылы азаматтардың пайдалануына жалпы 1 605 пәтер табысталу жоспарланға болса, оның ішінде жұмыс істейтін жастар бағдарламасы бойынша 857 пәтер беру қарастырылған. Аталған бағдарлама бойынша жыл соңына дейін кезең — кезеңімен конкурстар өткізілетін болады.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ