ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

311

Бүгін, Ескі Иқан ауылыняң тұрғындарына Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау насихаттау бойынша жиналыс Ескі Иқан ауылдық клубында жалғасты.Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық штаб мүшелері З.Чалданов, Е.Ахмет және Сауран аудандық қоғамдық штаб мүшелері М.Күнпейсов, О.Егізбаев қатысып, сайлауалды бағдарламаның оң тұстары егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Қараша айының 20 күні Қазақстан Республикасының Президентінің сайлауы болады. Осы сайлауға Халықтық коалицияның атынан Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелді. Халықтық коалицияның құрамында «AMANAT» партиясы, Қазақстан Халық партиясы, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы, сондай-ақ 20-дан астам республикалық қоғамдық бірлестік кірді. Олардың арасында: «Ардагерлер ұйымы», «QAZAQSTAN TEAM», «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі», «Генералдар кеңесі», «Қазақстандық спортшылар одағы» және т.б. бар.

21 қазаннан бастап ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Аудандық қоғамдық штаб ауданның барлық аулдарында үгіт-насихат науқанын бастады. Осыған байланысты бүгін Қа-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауын қолдап, насихаттау үшін кездесу өткізілді. Жиын барысында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауы жан-жақты насихатталды.