“ЖАСТАР РУХЫ” РУХТАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

399

Орталық сайлау комиссиясының кезектен тыс Президент сайлауы бойынша қорытындысында Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31 пайыз дауыс жинап, айқын жеңіске жетті.

Сайлау қорытындысы және сайлаудың әділ, әрі ашық өткендігі жайлы бүгін “ЖАСТАР РУХЫ” Сауран аудандық филиалының төрағасы Жанболат Баруыржанұлы Шорнақ жалпы орта мектебінде рухтастармен кездесуінде айтты.

«Сайлау қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Кемелұлы 82,45% дауыспен жеңіске жетті. Халықтың сайлауға көптеп келуі — Әділетті Қазақстанды таңдаудағы ұлт бірлігінің көрінісі деп білемірн. Сайлау науқанында үгіт насихат жүргізіп, бүгін міне, біз қолдаған кандидат жеңіске жетіп отыр. Бағдарламада еңбек адамы бойынша бағдарлар айқын жазылған. Ендігі мәселе осының орындалуы. Нәтижеге жету үшін бірлесе отырып жұмыс атқаруымыз қажет. Әділетті, Қуатты Қазақстанды бірге құрайық!!!», -деді Ахметов Сейлхан.

Жиналған қауым да Тоқаевты жеңісімен құттықтап, елдегі өзгерістерге сенетіндерін жеткізіп, Әділетті Қазақстан құруға өз үлестерін қосатынын айтып тарқасты.