МЕДИЦИНА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

329

Бүгін Қарашық ауылдық округі, Құмтүйін елді мекені медицина қызметкерлерімен сайлаудың қорытындысын қолдау бойынша кездесу өткізді. Жиынды аға дәрігер И. Айтметов жүргізіп отырды.

Аға дәрігер И. Айтметов өз сөзінде мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар және саяси өзгерістер жайлы айтып, Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында барлық бағыт қамтылғанын, аталған бағыттар жүзеге асырылса, болашығымыз айқын болатыны сөзсіз, — деді ол.

И.Айтметов: халықтың денсаулығын жақсарту және азаматтардың өмір сүру ұзақтығын арттыру, медицина мамандарын даярлау ісі мен профилактикалық жұмыстар қарқын алып, әрбір қалада, аудан орталығы мен ірі ауылдарда сапалы дәрігерлік көмек көрсетілетін болады. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы көбейіп, дәрігер мамандығының беделін арттыру үшін медицина мамандарының мәртебесі заң жүзінде бекітілетінін айтып өтті.

Өз кезегінде медицина қызметкерлері сайлаудың әділ және ашық түрде өткенін айтып, Қ.Тоқаевтың саясатын қолдайтындықтарын жеткізді.