“АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ” ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

346

Сайлау қорытындысын қолдау мақсатында зиялы қауым өкілдерімен кездескен «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының атқарушы хатшысы Сағынбек Жақсыбекұлы ортақ жеңіспен құттықтап, сөз сөйледі.

«Ел болашағы үшін айтулы күні берген дауысымыздың нәтижесінде Қасым-Жомарт Кемелұлы жеңіске жетті. Бұл тек Қ.К.Тоқаевтың жеңісі емес, бұл біздің де жеңіс. Үкілеген үмітін арқалаған халық та таңмен таласа өз таңдауларын жасады. Ендігі мәселе халық үміт артқан бағдарламада көрсетілген бағыттарды жүзеге асыру. Сіз бен біз болып Әділетті Қазақстанды құруға бар күш-жігерімізді саламыз деген сенімдемін», — деді Сағынбек Жақсыбекұлы.

Орталық сайлау комиссиясының кезектен тыс Президент сайлауының еxit-poll нәтижесі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 82,45 пайыз дауыс жинап, айқын жеңіске жетіп отыр.

«Қазіргідей аласапыран заманда біздің елімізде ауызбіршіліктің болуы өте маңызды. 20 қараша күні халық бірігіп, бірауыздан Тоқаевты қолдады. Өткен Сайлау алдағы жеті жылдық бағдарламамызды бекітті. Бұл сайлауда біз қолдаған Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев тағы да үлкен жеңіске жетіп, халықтың сеніміне бөленді. Сондықтан алдымызда ауқымды жұмыстар күтіп тұр», — деді Ахметов Сейлхан.

Кездесу соңында ауданымыздың зиялы қауым өкілдері алдағы 7 жылда атқарылатын жаңа бастамаларға қолдарынан келгенше атысалысатындықтарын жеткізді.