СЕРПІНДІ ДАМУ ЖОЛЫНДА

200

Сауран ауданының өз алдына енші алып шығуы бұл өңірде ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлеріне ерекше серпін берді. Бұған облыс әкімі ерекше қамқорлық көрсетіп отыр. Аудан әкімдігі де өзінің құзырына сай агроөнеркәсіп саласы еңбеккерлеріне қолдау көрсетуде.

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі жалпы 370937 га, оның ішінде, суармалы – 44 441 га, көпжылдық екпелер – 10527 га, жайылымдық жер – 312 712 га, шабындық – 3257 гектар. Аудан бойынша заңды тұлғалар мен шаруа қожалықтарының саны — заңды тұлғалар саны – 38, іріленген шаруа қожалықтардың саны – 250, жеке шаруа қожалықтардың саны – 1648 жетті. Аудан бойынша егіс көлемі 40958,07 га құрады.

Қазіргі таңда Сауран ауданында бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасы аясында 232 жоба іске асырылуда. Оның ішінде жылыжай шаруашылықтарын дамыту бойынша 11,7 га, тамшылатып суғару әдісін ендіру 443 га, қарқынды бау шаруашылығын дамыту 513 гектар алқапты құрады. Сондай-ақ, Сауран ауданына қарасты Оранғай -2, Иассы -1, Жаңа Иқанда-1, Ескі Иқан ауылдық округінде -2 көкөніс және жеміс-жидек сақтайтын қоймалар орналасқан. Сауран ауданы Түркістан қаласы мен басқа да аудандарды және облыстарды азық-түлікпен қамтамасыз етуде. Ол үшін Түркістан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру жобасы жүзеге асырылған. Жалпы жоба аясында құны 28,7 млрд.тг құрайтын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Міне осындай серпінді жобалар өндірістің тиімділігін көтеріп қана қоймай, сапасын да едәуір жақсартады. Биылғы Барыс жылы да саурандық диқандар үшін сәтті жыл болғай.

Сәкен ОРАЗБАЕВ,

Сауран ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.