ОТЫРАР СЕКТОРЫНЫҢ АУМАҒЫ 3,4 МЫҢ ГЕКТАРДЫ ҚҰРАЙДЫ, 50 750 ТҰРҒЫНЫ БАР.

275

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің жыл басынан бергі кездесулерінде жалпы 127 мәселе көтерілген болатын. Оның ішінде:

— 62- орындалды ( 9 ЖОЛ, 12 ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, 6 ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК, 15 АБАТАНДЫРУ ЖӘНЕ ТАЗАЛЫҚ, Т.Б. — 20);

— 6 мәселе бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде;

— 59 мәселенің заңдылығы түсіндірілді.

Бүгін Нұрбол Әбдісаттарұлы алдын-ала бекітілген кестеге сәйкес, «Отырар» секторында кезекті кездесуін өткізіп, атқарылған жұмыстар мен жоспарлар туралы баяндады.

Алдағы уақытта қала аумағында 11 мектептің құрылысы жоспарлануда, оның ішінде «Отырар» секторында 2000 орындық 3 мектеп салу көзделуде.

Биыл «Отырар» секторында 1 нысанның құрылысы аяқталып, 2 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілсе, 2000 абонентті қамтитын 1 нысанның құрылысы жүргізілуде. Тұрғындардың өтініші негізінде 8 трансформатор орнатылды.

Шәді ақын көшесінде ауыз су қысымы төмен туралы шағымдар түскен болатын, Қазыбек би мен Б.Саттарханов даңғылы арасындағы тұрғын үй массивінің ауыз су қысымын көтеру мақсатында қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Отырар» секторында Яссы көшесі бойынан желілік саябақ құрылысы, «Сырдаия, Арман» тұрғын үй кешенін абаттандыру, Әкімшілік-іскерлік орталығы 7 және 30 көше бойындағы саябақ құрылысы, «Парасат» саябағын реконструкциялау жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге келген азаматтар атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, өзге де өтініштерін ортаға салды. Шаһар басшысы көтерілген мәселелердің заң аясында жоспарлы жүзеге асатынын жеткізді.