ЖЫЛ ІШІНДЕ ТӨРТІНШІ КЕЗДЕСУ

209

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің тұрғындармен кезекті кездесуі бүгін Сауран секторында басталды.

Жалпы жыл басынан бергі кездесулерде 112 мәселе көтерілген болатын.

Оның:

— 67 — орындалды (9 жол мен көлік саласы, 17 инфрақұрылым, 6 қоғамдық көлік, 8 абаттандыру және 13 басқа да мәселелер өз шешімін тапты);

— 9 мәселе бойынша жұмыстар жүргізілуде;

— 36 — заңға сәкес түсіндірілді.

2022 жылы – 2 мектеп күрделі жөндеуден өтті (Төле би №19 және М.Пошанов №21).

Алдағы уақытта қала аумағында 11 мектептің құрылысы жоспарлануда, оның ішінден Сауран секторында 600 орынды құрайтын 1 мектеп құрылысын бастау көзделуде.

Сауран секторында 3 нысанның құрылысы аяқталып, 7 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді. Одан басқа, 1 нысанның құрылысы жалғасуда.

Сонымен қатар, алдыңғы кездесулерде тұрғындардың жасаған өтінішіне сәйкес, Жұбанов, Мыңбасы, Байсейтов , Ыбырайұлы және Балақаев көшелеріне 5 трансформатор орнатылды.

Сауран мөлтек ауданы аумағында жаңадан қоныстанған аумақтарды және ауыз су жүгізілмеген көшелерді су құбырымен қамту жобасы іске асырылуда. №1, 2 мөлтек аудандар және мақта зауытының шағын ауданының ауыз су желілерін жаңа полиэтиленді құбырға жаңалау, қысымдылығын арттыру , кіші диаметрлік құбырларды үлкен диаметрлік құбырларға қайта ауыстыру және орталық су магистральдеріне біріктіру мақсатында 2 нысанның құрылысы жүргізілуде.

Қалаға сапалы жылу беру үшін тозығы жеткен жылу жүйесін кезең-кезеңмен жаңарту жоспарланған. Осыған орай, 1 нысанның жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп мемлекеттік сараптамаға ұсынылды. Аталған жобаны іске асырған жағдайда қала аумағындағы тозығы жеткен желілердің үлесі 30% дан 10%-ға дейін төмендейтін болады.

Сауран секторында 175 шқ. құрайтын 156 көше бар (оның ішінде 39 көше асфальт жол, 109 көше тас жол, 8 көше топырақ жол).

Ағымдағы жылы 1,38 шқ.құрайтын 3 көше орташа жөндеуден өтті, 21,7 шқ құрайтын 34 көшеге тас төселді, 9,1 шқ. құрайтын 10 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселді. Жангельдин көшесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сондай ақ, Баянауыл аумағына қарасты 16 көшеде жарықтандыру жүйесінің құрылысы іске асырылуда. Түркістан қаласы, №1-2 мөлтек ауданын абаттандыру нәтижесінде аула арасына 8,0 га асфальт төселді, 2,5 га аумақ көгалдандырылды, 35 дана ойын алаңшалары мен воркаут, 5 жерге спорт алаңшасы орнатылды.