ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЕКІ ЖЫЛДА 9 МЕКТЕП САЛУ ЖОСПАРЛАНУДА

261

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалық етуімен өткен жиналыста орта білім саласындағы өзекті мәселер талқыланды.

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының баяндауынша, апатты және үш ауысымды мектептерді азайту бағытында жұмыстар күшейтілген. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жыл аралығында Түркістан облысында 60-тан астам заманауи мектеп салынады.

Түркістан қаласындағы жалпы – 33 мемлекеттік, 26 жекеменшік мектеп ұйымдарында 50 841 оқушы білім алуда.

2022 жылы 2 мектеп күрделі жөндеуден өтті (Төле би №19 және М.Пошанов №21) және Бірлік тұрғын алабында 1 жекеменшік мектеп салынуда.

2023 жылы – 6 мемлекеттік мектеп (ӘІО — 3200 орынды 2 мектеп, «Яссы» м/а – 2100 орынды 2 мектеп, «Шауғар» м/а – 600 орынды 1 мектеп, «Бекзат» м/а 1200 орынды 1 мектеп) салу жоспарлануда.

2024 жылы – 3 мемлекеттік мектеп («Яссы» м/а– 1200 орынды 1 мектеп, «Шауғар» м/а– 600 орынды 1 мектеп, ӘІО– 2000 орынды 1 мектеп) салу жоспарлануда.