НҰРЛАНА БЕР, ГҮЛДЕНЕ БЕР, ТҮРКІСТАНЫМ!

319

Түркістан қаласындағы «Жібек жолы» саябағында Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Нұрлана бер, гүлдене бер, Түркістаным» атты өнер фестивалі өз жалғасын тапты.

Естеріңізге сала кетсек, салтанатты шараның шымылдығы 8-маусым күні «Жеңіс» саябағында ашылған болатын. Өнер мен мәдениеттің мәнісін айшықтап, таным-тағылымын насихаттау мақсатында қолға алынған шарада Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздарымен әуесқой әншілер де өз өнерлерін ортаға салып, құрметке бөленді.

Шара барысында көрермендерге арнайы дайындалған ойын ұсынылып, қазақтың дәстүрі мен тарихына байланысты сұрақтар қойылды. Сонымен қатар, рухани жаңғыру тақырыбындағы сұрақтар қойылып, тәлім тәрбиелік мәні бар сауалдарға дұрыс жауап бергендер Түркістан қалалық мәдениет үйі тарапынан бағалы сыйлықтарға ие болды.

«Біз әрдайым Түркістан халқының жастары мен қала қонақтарына көтерінкі көңіл-күй сыйлаймыз. Фестивальдың негізгі мақсатыда жастарды шабыттандырып «Рухани жаңғыру» аясында жан жақтан келген студентердің де өнерлерін көрсету болып табылады. Қазақтың мәдениетін дамыту аясында, осындай өнер фестивальдері әрі қарай жалғасын табады деген сенімдеміз», — деді қалалық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Ұлжалғас Шілдебаева.

«Жібек жолы» саябағында кешкілік серуенге шыққан қала тұрғындары мен қонақтары бүгінгі мерекелік кешті тамашалап, ерекше көңір күйге бөленді. Сондай-ақ, кешке қатысып, өз өнерлерін көрсеткен өнерпаздар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.