ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ЖОҒАРЫ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ
Орталық сайлау комиссиясы сағат 18:05-тегі жағдай бойынша қазақстандықтардың сайлау белсенділігі жөніндегі ақпаратпен бөлісті.
ОСК мүшесі Шавхат Өтемісовтың айтуынша, сағат 18:05-тегі жағдай бойынша Қазақстанда барлығы 8 млн 108 мың 668 адам дауыс беріп үлгерген. Айта кетсек, бұл тізімдегі барлық азаматтардың 67,85 пайызын құрайды.
Өңірлер бөлінісінде дауыс берушілер көрсеткіші:
- Абай облысы бойынша – 78,88 %
- Ақмола облысы бойынша – 75,82%
- Ақтөбе облысы бойынша – 71,23%
- Алматы облысы бойынша – 70,92%
- Атырау облысы бойынша – 67,88%
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 64,77%
- Жамбыл облысы бойынша – 77,27%
- Жетісу облысы бойынша – 77,08%
- Қарағанды облысы бойынша – 77,80%
- Қостанай облысы бойынша – 77,56%
- Қызылорда облысы бойынша – 77,20%
- Маңғыстау облысы бойынша – 64,57%
- Павлодар облысы бойынша – 77,12%
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 77,46%
- Түркістан облысы бойынша – 80,25%
- Ұлытау облысы бойынша – 74,45%
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 76,81%
- Астана қаласы бойынша – 48,01%
- Алматы қаласы бойынша – 27,93%
- Шымкент қаласы бойынша – 59,56%
Жоғарыда көрсетілген деректерге қарағанда, Түркістан облысының тұрғындары жоғары белсенділік танытып отыр. Ал Алматы қаласының тұрғындары ең аз дауыс берді.
Сондай-ақ Нью-Йорк пен Вашингтонда сайлау учаскелері жұмысын бастап кетті.
Қазақстанда сайлау учаскелері 07:00-ден ашылып, 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Кейбір учаскелер 06:00-де есіктерін айқара ашты.
Айта кетсек, Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың белсенділігі жөніндегі соңғы ақпаратты Астана уақыты бойынша 20:05-те жариялайды.