ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ ЖАҢА БЕЛЕСТЕРІ.

299

Құрметті жерлестер бүгінгі мемлекет басшысы Президентіміз Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы жасаған халыққа жолдаған Жолдауы маған керемет ұнады.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы алғаш президент болып сайланғанда аймақтармен танысуда бірінші болып Түркістан облысынан бастаған еді.

Сол кезде қасиетті Түркістан қаласына келіп Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне кіріп зиярат етіп, Түркістан облысының  зиялы қауымымен танысу үшін  Халықаралық  Қазақ-Түрік  Университетінің  кіші залында кездесуге келді.

Келген кезде Қасым-Жомарт Кемелұлы отырмастан бірден трибунаға келіп амандасып өзінің президент ретінде көзқарасы, ойы туралы айтты.

Ең бірінші айтқаны мен тек әділеттілікті жақтаймын. Кез келген салада әділеттілік  болуын қалаймын солай жұмыс істеймін деді.

Екінші айтқаны Қазақстанның байлығы табысы барлық  адамдарға теңдей бөлінуі керек солай жұмыс істейміз деді.

Бүгінгі Қазақстан халқына жолдауында елдегі жағдаймен жалпы сыртқы жағдай туралы жаңа Қазақстан туралы көптеген мәселелер айтылды. Өзі Президент болғалы бері біраз тіршіліктердің іске асып жатқаны анық. Бейбітшілік шеруге рұқсат берілгені онда халыққа көпірме сөз емес, нақты ұсыныстар керек екендігі айтылды. Қазіргі кездегі Президенттік басқаруда бірте-бірте Парламенттік басқаруға өткізу яғни Парламенттің өкілеттілігін кеңейту туралы айтты. Президент ешқандай партияға мүше болмауы керек яғни барлық партияға бірдей қарауы керек деді. Облыс әкімі және орынбасарлары партияға мүше болмауы керек деген ұсыныс айтылды. Парламент Мемлекеттің бюжетін бақылау арқылы мәжілістің рөлін күшейту керек деді. Әсіресе сайлау туралы партияда жоқ небір адал мықты азаматтар сайлауға түсе алмай қалып қоятындығын сондықтан соларды парламентке келуге мүмкіндік жасау туралы айтылды. Дәл осындай көптеген ұсыныстар айтылды. Барлығы халыққа жағымды көкей тесті жаңалықтар болды. Жалпы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әрбір сөзі елдің көңілінен шығатын сөздер болды. Жаңадан облыс ашу бұл басшылықтың халыққа жақындау, халықтың әлауқатын танып білуге әсер етеді. Өте дұрыс. Жаңа Қазақстан құруды әрбір  Қазақстандық  өз орнында жұмысты адал істеп елдің бірлігі ынтымағы болса барлығы іске асары сөзсіз.

Жарқынбек Құлбайымбетов

Түркістан қалалық ардагерлер

ұйымының төрағасы