АУЫРМАЙТЫН ЖОЛ ІЗДЕ НЕМЕСЕ СКРИНИНГТЕН УАҚТЫЛЫ ӨТУДІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

35

Аурудан жазылып кету сол аурудың қаншалықты ерте анықталғанына тікелей байланысты. Уақтылы анықталған дертті емдеу де оңай. Бір қуанарлығы, бүгінгі таңда елімізде ауруды ерте анықтау мүмкіндігі артып келеді.

Медициналық сақтандыру қоры жыл сайын профилактикалық тексерулерге қаражат бөліп отырады. Оның ішінде, әлеуметтік маңызы бар ауруларды анықтауға арналған скринингтер де бар. Скринингтік зерттеулердің маңызы неде? Тексеруден неге уақтылы өту қажет? Бүгін осы сауалдарға жауап  беруді жөн санап отырмыз.

 

Скрининг дегеніміз не және оның қажеті қанша?

Скрининг – ауруды және оның туындауына әсер ететін факторларды ерте анықтауға мүмкіндік беретін медициналық зерттеулер жиынтығы. Тек­серудің бұл түріне салалық маман­дардың консультациясы мен зертха­на­лық-диагностикалық зерттеулер кіреді.

Скрининг арқылы қандай сыр­қат­тарды анықтауға болады?

Зиянды әдеттерден туындайтын қауіп фак­торларын ерте анықтау – 30-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер;

Артериалды гипертония, жүректің ишемиялық ауруы мен қант диабетін ерте анықтау – аталған диагноз не­гізінде динамикалық бақылауға алын­баған 40-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер;

Глаукомаға тексеру (көз іші қысы­мын) – 40-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер;

Жатыр мойны обырын ерте анықтау – 30-70 жас аралығындағы әйелдер;

Сүт безі обырын ерте анықтау – 40-70 жас аралығындағы әйелдер;

Колоректальды обырды ерте анық­тау – 50-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер;

В мен С вирусты гепатиттерін ерте анықтау.

Сонымен қатар профилактика­лық тексерулерден 18 жасқа дейінгі балалар да өте алады. Оған баланың психофизикалық және жыныстық да­му деңгейін бағалау, зорлық-зомбы­лық белгілері бар-жоғын анықтауға арналған тексерулер кіреді. Белгілі бір ақау табылған жағдайда салалық маманға жолдама беріледі.

Профилактикалық тексеруден өтуге жолдаманы кім береді?

Скринингтен өту үшін тіркелген емханадағы учаскелік дәрігерден (терапевт) жолдама алу қажет. Жас мөлшеріне қарай бекітілген скринингтерден бірден өтуге болады. Профилактикалық тексерулер МӘМС пакетіне енген, сондықтан скринингтен өтетін азамат сақтандырылған болуы шарт.

Скринингтен өту жиілігі қандай?

Скринингтік зерттеулердің кей түрі бес жыл сайын, кейбірі екі немесе төрт жыл сайын жасалады. Бұл мерзім әр аурудың даму қарқынына қарай белгіленген.

Скрининг нәтижесін қалай білуге болады?

Скринингтік зерттеуден өткен пациенттер денсаулығынан ақау табылған жағдайда салалық мамандардың консультациясына жіберіледі, қажет болып жатса, оларға ем тағайындалады.