ТҮРКІСТАНДА «АНА ЖҮРЕГІ» ДРАМАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

360

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, арнайы Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрында 4-5 наурыз күндері екі күнге созылған Айдар Наурызбаевтың сахналауымен Байғали Есеналиевтің «Ана жүрегі» (драма) атты жаңа қойылымның тұсау кесері болып өтті. Қойылым барысында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев пен театр директоры, ҚР мәдениет қайраткері Ержан Исатаев сөз алып, құттықтау тілектерін жеткізді.

4 наурыз күні драма әртістерінің бірінші құрамы сомдаса, 5 наурызда екінші құрамы сомдап шықты. Қойылым тамашалап, көздеріне жас алмаған көрермен болмады. Демек, қойылым әрбір көрерменнің жүрегінен орын ала білді. Аналар, әйелдер мерекесімен тұспа-тұс сахналанған бұл қойылым көпшілік көрерменнің көңілінен шықты.

«Менің театр әртістеріне жақсы жаңалығым бар. Сәуір айынан бастап, театрға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Әртістер сол уақыт аралығында Румыния мемлекетіне гастрольдік сапармен барады және оларға басқарма тарапынан барлық жағдай жасалады», – деді театр директоры Ержан Исатаев.

Жалпы қойылым Саадат есімді кейіпкердің Қытайдан Қазақстанға бауыры Аятты іздеп келуімен басталады. Қытайда көп балалы болуға шектеу қойылған жылдары Бихан ана бір баласын Қазақстанға беріп жібереді. Уақыт өте баласын қанша іздесе де таба алмай, тағдырына көнеді. Бірақ, Қазақтанға оқуға түскен немересінің арқасында бауыр еті баласымен табысуға жол ашылады. Бихан ана 54 жыл бойы баласын бір көруді армандап келіп, ұлымен қауышқан сәтте ғана жүрегі тыныштық табады. Қойылымда қазақ елінің бауырмал халық екендігі баяндалып, жастарды туған еліне, жеріне құрметпен қарауға шақырады.