“САУРАННЫҢ ӘКІМІ МАҚТАНШАҚ ЕМЕС..”

1383

Мақтаншақ әкімдер көп-ақ. Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков түк мақтана алмайды екен. Рас, қанында мақтаншақтық жоқ-ау, сәре! Әйтпесе, “ойбай-ау, несін айтасың Түркістанның төрінде 18 ақынның ішінен оза шапқан “Алтын домбыра-2022” иегері- Еркебұлан Қайназаров Сауран ауданының тумасы,“Үш қайық Теке” ауылында дүниеге келген”-деп дүйім елді дүр сілкіндіріп, елге бір мақтанар еді-ау. Еркебұлан қазақтың ортақ баласы, ”Алтын домбыра” қазақтың ортақ қуанышы”-деп қуанған Сауранның әкіміне де, барша ақындарға да, айтыс сүйер ағайынға жүлде құтты болсын! Айтпақшы, ұмытып барады екенмін. Айттым ғой, Ғани Рысбеков түк мақтана алмайды деп. Түркістанның туын биіктетіп жүрген, аппақ қардай ақжүрек Баян әпшем менің әпшем деп те мақтанар еді-ау. Сауранның сырбаз әкім бәлкім жұртқа жайып, “жуудан” қашады ма екен?..
“ARA-ақпарат”