ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРБОЛ ТҰРАШБЕКОВТІҢ ТАПСЫРМАСЫНА СӘЙКЕС, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАСОВ ЖАНДОС БҮГІН «ЖАҢА ҚАЛА» АУМАҒЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Әңгіменің өзегі көпқабатты үйлерді табиғи газға және жеделсаты жүйесін іске қосу төңірегінде өрбіді.
Жандос Қалмырзаұлы табиғи газға қосу жұмыстары облыс және қала әкімінің бақылауында екенін, коаксильды газ құбырларын орнату бойынша мердігер мекеме тарапынан құрылыс монтаждау жұмыстарын қараша айының соңына дейін аяқтап, газбен толық қамту көзделгенін жеткізді.
Сонымен қатар, үй сапасына қатысты шағымдар мердігер мекеме және құрылыс саласы мамандарымен бірге зерделеніп, кепілдеме келісім-шартына сәйкес, олқылықтар қалпына келтірілетінін мәлімдеді.