ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ: ҚАР ТАЗАЛАУ 5 БАҒЫТТА ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Шымкентте өткен тәуліктен бері қар толассыз жауып, тазалық мекемелері шұғыл әрекет етіп жатыр. Әл-Фараби ауданында басты және ішкі орамдық көшелерде қар күреу жұмыстары 5 бағыт бойынша тоқтаусыз жүргізілуде. Ауданда көшелер мен аяқжолдарды механикалық тазалау жұмыстарына 42 арнайы техника, камаз ПР – 14 дана, трактор 82,1 – 11 дана, трактор 320 – 2 дана, камаз сельхоз – 2 дана, Газ 53 – 12 дана, погрузчик – 1 дана, және жалпы саны 185 жұмысшы күші жұмылдырылды.
Қазіргі таңда аудан көлемінде тайғаққа қарсы себілетін инертті заттар қоры жеткілікті.
Жағдай, әкімдік тарапынан және мердігер мекеме қызметкерлері тарапынан қатаң бақылауда