“БІРЕУ АЯҒЫМЕН, БІРЕУ ”ТАЯҒЫМЕН” КЕЛДІ…”

328

Шымкентте тұратын миллион халықтың ”миллион” мәселесі бар. Әкіммен кездесуге біреу аяғымен келді, біреу ”таяғымен” келді. Иә, балдақ ұстап келген біраз мүгедек жандар өз мәселесін қала әкімі Мұрат Әйтенов пен Шымкент Әлеуметтік Қорғау Басқармасы басшысы Балмаржан Нарбековаға ашық айтып кетті. Мәселесі шұғыл шешіліп, Балмаржанның арқасынан қағып, алғыс айтып кеткен кісілер де болды. Мұның өзі кабинетке қамалмай, елмен емен-жарқын жүздесудің нәтижесі шығар.

ARA-ақпарат