ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНДА КӨШ БАСТАҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНДА

283
Шымкентте жылдан-жылға халық санының көбеюіне орай баспанаға деген қажеттілік те артып келеді. Сұраныс ескеріліп қалада тұрғын үй құрылысына басымдық беріліп отыр. Қазір мегаполис елімізде тұрғын үй құрылысы бойынша көш бастаған өңірлер қатарында. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында баяндалды. Күн тәртібінде еліміздегі тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі шаралар пысықталды.
Айта кетейік, биыл Шымкент қаласында 72 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл нысандар Тұран, Бозарық, шағынаудандарынан бой көтереді.
Сондай-ақ, жастарға арналған 900 пәтерді нарықтан сатып алу көзделуде. Ағымдағы жылы қала аумағындағы 16 инженерлік-инфрақұрылым нысанының құрылысы жүргізілетін болады.