МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

342

Шымкент қаласында 20 ақпан – 3 наурыз аралығында 400 АЕК көлеміндегі мемлекеттік гранттың I-ші легі бойынша өтінім беру басталады

Өтінімдер қабылдау «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады.Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады.

Мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

📍Өтінім беру үшін қажет:
❗Порталда тіркелу;
❗грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
❗порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу (өз бетінше бизнес-план жарамайды);
❗өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, халықты жұмыспен қамту орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында өтінім беруге болады.

Төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:
📌еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
📌қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;
📌өңіраралық қоныс аударушылар
📌атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар;
📌мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы);
📌асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар;

❗Сонымен қатар, үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.