ҰРПАҒЫМЫЗДЫҢ БАЯНДЫ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ДАУЫС БЕРДІМ — 40 ЖЫЛ ДӘРІГЕР БОЛҒАН АҚСАҚАЛ

330

Бүгін елімізде Парламент Мәжілісі депутаттары мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуде.

Осы орайда Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округінің Ғ.Мұратбаев елді мекеніндегі №361 сайлау учаскесі таңғы сағат 07-00де өз жұмысын бастады. Дауыс беруге сайлаушылар белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда. Соның бірі 40 жыл бойы медицина саласында еңбек еткен дәрігер Қуандық Искаков ақсақал бұл мүмкіндікті қалт жібермей, өзінің азаматтық борышын абыроймен орындады.

  • Бүгінгі сайлауға қатысу — әр азаматтың борышы деп білемін. Себебі өз болашағына бей-жай қарамайтын ел осындай шараларда белсенділік танытуы тиіс. Бүгінгі науқанға болашақ ұрпағымыздың кемел келешегі үшін қатысып, өз таңдауымды жасадым дейді, — ардагер дәрігер.

Келес ауданы бойынша сайлау учаскелерінде халықтың өз дауыстарын беріп, таңдау жасап сайлауға қатысуына барлық жағдай жасалған. Жалпы Келес ауданы бойынша 61 сайлау учаскелері жұмыс жасап тұр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі