ӘЛЕМДІ КІТАП АРҚЫЛЫ ТАНИМЫН

83

Облыстық мәдениет және туризм басқармасы, облыстық «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасының бастамасымен әлем әдебиетінің үздік шығармалары мен ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау мақсатында қолға алынған «Әлемді кітап арқылы танимын» атты байқаудың іріктеу кезеңі Сауран аудандық орталықтандырылған кітапханасында өтті. Іс-шараға Сауран ауданына қарасты мектептердің оқушылары мен ауылдық кітапханашылар қатысты.

11-17 жас аралығындағы оқырмандар қатысқан байқауда қазақ балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары мен ұлыбританиялық жазушы Джоан Роулингтің «Гарри Поттер» атты шытырман оқиғалы хикаятын насихаттауға арналды.

Байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең бойынша «Кітап әлемді бағындырады» тақырыбында қатысушылар Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» атты шығармасынан эссе немесе зерттеу жұмысын жазып, оны сарапшылар алқасының алдында қорғады. ️Екінші кезеңде Джоан Роулингтің «Гарри Поттер» романы бойынша бейнекөрініс, қуыршақтар арқылы қойылым, басқа да көріністер қойды. ️Үшінші кезеңде «Менің отбасым және кітапхана» тақырыбында қатысушы кітапхана мен отбасын байланыстыра отырып, кітап оқу дәстүрін насихаттап, бейнеролик көрсетілді.

Байқау қорытындысында Сауран аудандық кітапханасының оқырманы Аширметова Гузал бас жүлдеге ие болды. Бірінші орынды оқырман Ирисқулова Нулуфар, екінші орынды Иса Назерке, үшінші орынды оқырман Тәуекел Қасымхан еншіледі. Шараға қатысқан бір байқаушылар «Алғыс» хаттармен

марапатталды. Қорытынды байқауға оқырман Аширметова Гузал жолдама алды.