АУДАН КӨЛЕМІНДЕ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП, 35 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

70

Бүгін аудан көлемінде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілікке ауылдық округтер мен дербес бөлімдер, тұрғындар мен мекеме қызметкерлері біркісідей атсалысып, жол жиектері мен көшелердегі қоқыс пен қалдықтарды шығарып, ауданның тазалығына өз үлестерін қосты.

“Түркістан-Шорнақ», «Қарашық-Жүйнек» бағыттары мен Шорнақ ауылдық округіндегі Сүйлейменов пен Шаяхметов көшелерінің бойында ұйымдастырылған сенбілікке жұмысына — 290 адам қатысты. Нәтижесінде 35 тонна қоқыс шығарылып, оған 3 техника жұмылдырылды.

Бұл шара жолда жүрген жүргізушілер мен жолаушылар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға және жол жиегінің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталады. «Тазалық — денсаулық кепілі» екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан аудан тұрғындарына, өз аулаларыңызды таза ұстауға, тазалық шараларын сақтауға шақырған болар едік.