САЯҚ ШЕГІРТКЕСІ — ҚАУІПТІ ЗИЯНКЕС
Саяқ шегірткесі шалғындар мен далаларды мекендейді. Ауыл шаруашылығы дақылдарының ең қауіпті зиянкестері. Олар шала түрленіп дамиды және дернәсерсілдері қанатсыз болады.
Саяқ шегірткесінің 11 түрі бар. Олар — атбасарлық, зиянды айқышты, сібірлік, қара қанатты, ақ жолақты немесе мүсінді, айқышты, фишер, Тұран , шөл шегірткесі, қара жолақты, қанатсыз саяқ шегірткесі. Осылардың ішінде Оңтүстік өңірлерде зиянды айқышты, Тұран, қара жолақты және шөл шегірткесі деген түрлері жиі кездеседі.
Зиянды айқыш саяқ шегірткесі еліміздің оңтүстігінде таралған. Түсі сұр, қоңырқай реңді. Аталығының денесінің ұзындығы 12-18 мм, аналық шегірткенің ұзындығы 16-25 мм. Аналықтарының артқы сирағы қызыл, аталықтары сары түсті келеді. Күбіршегінің ұзындығы 27, ені 4-6 мм, жоғары бөлігі түзу. Оған 15-21 жұмыртқа салады.
Тұран шегірткесі Қазақстанның тек Оңтүстігінде мароккалық шегірткелермен бірге және оңтүстік-шығысында кезеседі. Дернәсілдер сәуір айының соңы мен мамырдың бас кезінде пайда болады да, олардың дамуы 35-40 күнге созылады. Қанаттанғаннан кейін 10-15 күннен соң шағылысу басталады, араға бірнеше күн салып жұмыртқалай бастайды.
Шөл шегірткесінің аталығы 13-24 мм, аналығы 19-41 мм. Жұмсақ бидай, жоңышқа, мақта егістерін, сондай-ақ шөл жайылымдарындағы өсімдіктерді зақымдайды. Күбіршегі ұзынша целиндр тәрізді, доңғаша иілген екі бөліктен тұратындай көрінеді.
Қара жолақты саяқ шегіртке Қазақстанда кеңінен таралған. Дәнді дақылдар мен жайылым, шабындықтарды зақымдайды.Түсі жасыл немесе сарғыш қоңыр, ірі қоңыр дақтары бар.Алдыңғы жотасында әдетте ашық «Х» тәрізді бейне болады.Аналығы күбіршекті астық тұқымдасты телімдердегі жұмсақ топыраққа салады.
Шегірткелілер зиянкестерін анықтау, әсіресе бұрын тексерілмеген телімдерді, белгілі аудандарға мезгіл-мезгіл жүргізілетін бағыттық тексерулер арқылы іске асырылады. Ал, ал бұл тексерулердің мерзімі, рет-тәртібі мен бағыты жергілікті жердегі шегірткенің зиянды түрлерінің құрамы мен әрбір түрдің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Шегірткелердің мекені санын нақытылап, жайланған ошағының аумағын білу үшін және оларға қарсы жою шараларын жүргізу мақсатында анықталады. Тұрақты тіршілік ететін жерлерінде олардың саны аз болған жылдары, сонымен қатар өткен жылдары үйірлі шегірткелердің көбею ошағы байқалғанда есеп жүргізу 2 түрлі атқарылады. Біріншісі, қанаттанған шегірткелер бойынша шағылысу және жұмыртқа салу кезеңдерінде жүргізіетін жазғы тексеру болса, екіншісі — күбіршіктер бойынша күзгі тексеру.
Егіс алқаптарында шегірткелершамадан тыс көп болған жылдары тексерудің 4 түрі жүргізіледі.
1.Күбіршіктер бойынша көктемгі бақылау тексеру;
2.Дернәсілдер бойынша көктемгі-жазғы тексеру;
3. Қанаттанған шегірткелер бойынша шағылысу және жұмыртқалау кезеңдеріндегі жазғы тексеру;
4. Күбіршектер бойынша күзгі тексерулер.
Күбіршектер бойынша көктемгі бақылап, тексеру қыстап шыққан күбіршелердегі жұмыртқалардың қурап, солып қалғандарын және тіршілікке қабілеті барларының санын білу, сонымен қатар дернәсілдердің жер бетіне шығу мерзімдерін анықтау мақсатында атқарылады. Көктемде қар еріп, топырақ құрғағаннан кейін өткен жылғы күбіршектер бар телімдер таңдалып, жалпы ауданының 10 пайызына дейін тексеріледі.Таңдалған телімде белгілі бір бағыт бойынша әрбір 100 м сайын топырақ сынамасы алынады.
Топырақ сынамасы үшін топырақтың 5-8 см тереңдіктегі жоғары қабаты күрекпен қазып алынады. Алынған топырақты үгітіп, елейді, мұқият қарап шығып, жұмыртқаның жай-күйін анықтайды. Қыстап шыққан күбіршектерді тексеру барысында мамандар сынама алған тұстарға арнаулы белгі қалдыру (қазық қағу,жалауша ілу,GPS құралымен арнайы картаға белгілеу )арқылы істі тиянақтайды.
Мұхтар ӘУЕЗ,
ҚР АШМ АӨК МИК Шымкент қаласы
бойынша аумақтық инспекциясының
бас маман – өсімдіктер карантині жөніндегі
мемлекеттік инспекторы