ҚЫЗМЕТТІК ИТ ШЕКАРАДАН ЕСІРТКІ АЛЫП ӨТПЕК БОЛҒАН ШЕТЕЛДІКТІ ҰСТАДЫ

148

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне «Жібек жолы» шекара бақылау бекетінен хабарлама келіп түсті. Онда «Разитта» атты қызметтік ит Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына өтіп бара жатқан шетелдік ер адамға белгі бергені көрсетілген.

Полицейлер алған ақпарат бойынша күдік тудырған ер адамды тоқтатып, тінту кезінде оның аяқ киімінің табанына жасырып алған есірткіге ұқсас затты тапты. Алынған зат сараптамаға жолданып, оның «гашиш» есірткісі екені расталды.

Белгілі болғандай ер адам Өзбекстан елінің азаматы екені анықталды.

Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.