СОЗАҚ АУДАНЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕР НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АКЦИЯҒА ӨТКІЗДІ

147

«Есірткісіз болашақ» айлығы аясында, Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Созақ ауданының полицейлері, әкімдіктің білім, денсаулық сақтау, спорт және дене шынықтыру, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерімен бірлесіп, профилактикалық іс-шара ұйымдастырды. Оған ауданның 300-ге жуық тұрғыны мен жастары қатысты.

Акция барысында қатысушылар Шолаққорған ауданының орталық Жібек жолы көшесімен » Біз есірткіге қарсымыз!», «Нашақорлыққа жол жоқ!», «Созақ ауданының жастары есірткіге қарсы!» деген ұрандармен жүріп өтті. Әкімнің орынбасары Қ. Оразов пен Созақ АПБ бастығының орынбасары М. Бердиевтер сөз алып, нашақорлықтың алдын алу бойынша бірлескен жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара соңында аудандық мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен эстрадалық орындаушылардың шығармашылық қойылымы өтті. Сондай-ақ қатысушыларға «Біз есірткіге қарсымыз!» логотипі бар футболкалар мен бас киімдер, есірткі заттарының зияны туралы ақпараттық жадынамалар таратылды.

Полицейлер атап өткендей, мұндай іс-шараларды өткізу жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, жаман әдеттердің алдын алуға және спорт, шығармашылықпен айналысуға ынталандыруға ықпал етеді.