ШЕКАРАДАН ЕСІРТКІ АЛЫП ӨТПЕК БОЛҒАН ШЕТЕЛДІК АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

181

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне «Жібек жолы» шекара бақылау бекетінен хабарлама келіп түсті. Онда шекарадағы қызметкерлерінің «Джайма» атты қызметттік иті Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына өтіп бара жатқан «Hуndai Solaris» маркалы автокөлікті көріп, белгі берген. Полицейлер күдік тудырған көлікті байқап, бірден тоқтатып көлік иесін тексерді.

Тінту барысында шетелдіктің шалбарының қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылды. Тәркіленіп алынған затқа сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы оның «гашиш» есірткісі екенін растады.

Белгілі болған ер адам Тәжікстан елінің азаматы екені анықталды. Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.