САРЫАҒАШТА ПОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛДІ
18.04.2023 жылы Түркістан облысы Сарыағаш АПБ ЖПҚ әйелдерге қатысты зорлық зомбылықпен күрес тобының аға инспекторы полиция майоры Кубегенова Актолкын Серікқызы мен ювеналдық полиция тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Тастанбеков Бағдаулетпен ауданымызда пофилактикалық жұмыстар жүргізілді. Осы қызметкерлермен Сарыағаш қаласында орналасқан № 60 жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларына және олардың ата-аналарына жиналыс өткізіліп, онда мектеп оқушыларының арасында жиі орын алатын құқық бұзушылықтарды алдын алу, сонымен қатар басқа өңірлерде орын алып жатқан жасы кәмелетке толмағандарға қатытсы жәйіттері мысалға келтіріліп, құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Онымен қоса, ең басты өзекті мәселе аудан тұрғынарының отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылығы өзекті мәселе болғаны айтылып, қандай да жағдай болмасын ешбір тұлғаға жәбір көрсетуге болмайтынын ұғындыра отырырып, заңмен қудаланатыны түсіндіріліп өтілді. Кездесудегі жас жеткіншек ұл-қыздарға салт дәстүрді ұстану, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында профилактикалық психологиялық және құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, үгіт парақшалары тарқатылды.