САРЫАҒАШТЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР МЕН ӘСКЕРИЛЕР ОТАН КОРҒАУШЫЛАР КҮНІН АТАП ӨТТІ

224

Сарыағаш ауданындағы №2020 әскери бөлімі мен аудандық полиция қызметкерлері Отан қорғаушылар күні орай мерекелік шара өткізді. Іс-шараға аудан әкімі, жеке құрам қызметкерлері мен ардагерлер қатысты.

Жиын аясында қонақтар әскери бөлімнің техникалары мен қару-жарақ көрмесін, сондай-ақ әскери-патриоттық клубының қоян-қолтық ұрысын тамашалады.

Одан бөлек әскери бөлім сарбаздары сап түзеп, салтанатты шеру жасады. Шара соңына әсерлі патриоттық әндер шырқалып, қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген полицейлер марапатталды.